Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

24.01.2017
Қазғарыш 2013 жылы ғарыштық мониторинг бойынша меморгандардың барлық өтінімдерін орындады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - 2016 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұйымдарына шамамен 15 мың ғарыш суреттерін берді, бұл Жер аумағының түсірілген 20 миллионнан астам шаршы километрін құрайды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ҚАӨМ) баспасөз қызметіне сілтей отырып «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтаулың ғарыш жүйесінен (ҚР ЖҚЗ ҒЖ) алынатын ғарыш суреттерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беру қызметтері» республикалық бюджеттік кіші бағдарламаға сәйкес ғарыштық мониторинг өнімі мемлекеттік органдарға, олардың өтінімдеріне сай өтеусіз негізде берілетінін атап өткен жөн. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» екі ЖҚЗ жерсерігін пайдаланатыны белгілі. Атап айтқанда, 2016 жылы «KazEOSat-1» кеңістіктік айыру қабілеті жоғары ғарыш аппаратынан (ҒА) еліміздің меморгандарына 12 мыңнан астам және «KazEOSat-2» айыру қабілеті орта жерсеріктен 2500-ден астам ғарыш суреттері берілді.  

Ғарыш суреттерінің негізгі тапсырыс берушілері ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ІІМ ТЖ комитеті, ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті, ҚР ИДМ Автокөлік жолдары, азаматтық авиация комитеті, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметі болды.
Өткен жылдың ішінде ҚР көптеген орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының өкілдері берілетін ғарыш суреттері негізінде геоөнімдерді, жоғары қосылған құнымен геоөнімдерді және геосервистерді құру бойынша Ұлттық ғарыш орталығында оқыды.

Қазіргі уақытта «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары мемлекеттік мекемелердің өкілдері үшін ҚР ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен қызметтерін пайдалану жөнінде консультациялар беруді жалғастыруда. 2016 жылы мемлекеттік органдардың ҚР ЖҚЗ ҒЖ ғарыш суреттерін беру жөніндегі қажеттіліктері толық көлемде орындалды, деп атап өтті ҚАӨМ баспасөз қызметі.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ