Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

24.01.2017
«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы штаттық режимде жұмыс істейді - Айдын Айымбетов

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының қиын қаржы жағдайы туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты БАҚ-та  жарияланды деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (ЖҚЗ), жоғарыдәлдікті жерсеріктік жүйенің жерүсті инфрақұрылымын (ЖЖНЖ) пайдаланатын, ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін салып жатқан компаниядағы жағдайға түсінік беруді «Қазақпарат» ХАА тілшісі компанияның ғарыштық технологиялар вице-президенті, ҚР ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетовті сұрады. 

«Шынында, 2017 жылғы 17 қаңтардан бастап компанияда қатал үнемдеу және қызметкерлер үшін толық емес жұмыс уақыты режимі енгізілді. Егер кейбір кәсіпорындар несие ресімдеу, мүлкінің бөлігін сату және т.б. сияқты ұқсас жағдайдан шығудың түрлі жолдарына көшсе, күрделі әрі ғылымды қажетсінетін саланы құрайтын біздің кәсіпорын осындай тексерілген жолды таңдады. Бұл уақытша шара және кәсіпорынның тұрақтылығы мен құрылған актив-жерсеріктердің және жерүсті инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет практика», - деп атап өтті А. Айымбетов.  

2017 жылдың басында ұлттық компанияда 240 адам жұмыс істеді. Жұмыс күнін қысқарту әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамының және көмекші қызметтер қызметкерлерінің 25 пайызына ғана қатысты болды. Негізгі техникалық бөлімшелер – ЖҚЗ орталығы, құрылыс блогі, сондай-ақ өнімдер мен қызметтерді жылжыту басқармасы толық құрамда жұмыс істейді. KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ЖҚЗ ғарыш аппараттары, ғарыш аппараттарын басқару, ғарыш түсірілімдерін қабылдау және өңдеу жерүсті кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде. ҒА ҚСК құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлады «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық технологиялар вице-президенті. 

«Қалыптасқан жағдайдың себебі ғарыштық қызметтер нарығының бізде нашар дамығаны, қазақстандық пайдаланушылар былтыр ғана пайдалануға енгізілген ЖҚЗ ғарыш жүйесінің өнімін қолдануды жаңа үйреніп жүруі болып табылады.  

Бізде ғарыштық технологиялар мүмкіндіктерін ауылшаруашылық, экология, ТШ, картография, экономиканың түрлі салалары, сондай-ақ ел қорғанысы мен қауіпсіздігі міндеттерін шешу кезінде ғарыштық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану мысалдары бар. Компанияның мамандары мемлекеттік билік органдарының, мемлекеттік және жеке ұйымдардың міндеттерін шешу және олардың жұмыс тиімділігін жоғарылату кезінде қазақстандық жерсеріктердің суреттерін пайдалану жөнінде жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл үрдіс уақытты талап етеді.  

2016 жылы ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктері Қазақстанның мемлекеттік органдарына шамамен 15 мың ғарыш суретін тегін берді.  

Мысалы, бұл қызметтің құны 12 млрд. теңгені құрайды. Егер осындай көлемдегі ғарыш суреттеріне тапсырыс ЖҚЗ шетелдік өнім берушісіне берілсе, онда оның құны 20 млрд. теңге болар еді. Мұнда мен біздің ұлттық ЖҚЗ ҒЖ пайдаланудың жанама экономикалық тиімділігі туралы айтып отырмын.  

Қазір біз көрсететін қызметерді коммерцияландыру мәселесі тұр және мұнда біздің негізгі пайдаланушыларымыз – мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз бюджеттеріне ғарыштық технологиялардың осы жаңа түрін салуға және төлеуге уақыт керек

Қорытындысында, ғарыштық технологияларды игеріп қана қоймай, еліміздің тарихында алғашқы рет Жердің ғарыштық мониторингі қызметтері мен өнімдерін ұсынатын компания штаттық режимде жұмыс істейтінін растаймын», - деп тұжырымдады  А.Айымбетов.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ