Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

31.01.2017
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран-тасығыштарды іске қосуды 2017 жылдың мамыр айынан қайта бастайды

БАЙҚОҢЫР. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2017 жылға арналған Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштарды іске қосу кестесіне сәйкес 28 қаңтарда «Протон-М» зымыран-тасығыштың бірінші іске қосуы өтуі тиіс еді 

Бірақ,  «Протон-М» зымыран-тасығыштың іске қосу кестесі зымыран қозғалтқыштармен жағдайға байланысты өзектендірілетін болады.  

Ресей Үкіметі Воронеж механика зауытында (ВМЗ) «Протон-М» зымыран-тасығыштың қозғалтқыштарымен болған жағдай жөніндегі Роскосмостің тексеруін бақылауға алды, деп хабарлайды твиттерде вице-премьер Дмитрий Рогозин.  

«Протон-М» зымыран-тасығыштардың іске қосулары 3,5 айдан кейін қайта басталады. Технологиялар мен құжаттаманы ауыстырған барлық кінәлілер қатал жазаланатын болады. Үш «Протон-М» бөлшектенеді. 2 және 3-сатылардың қозғалтқыштары ауыстырылады», - деп атап өтті ол.  

Технологиялар мен құжаттаманы ауыстыруға кінәлі адамдар қатал жазаланатынын РФ Үкіметі төрағасының орынбасары да мәлемдеді.  

Дмитрий Рогозиннің пікірі бойынша, Ресейге ғарыш кемелерінің қозғалтқыштарын жасайтын барлық кәсіпорындар кіретін бірыңғай холдинг құру қажет.  

«Әскери-өнеркәсіп кешеннің алқасы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру үшін бірыңғай қозғалтқыш жасайтын холдингті жедел құруды міндеттеп отыр», - деп жазды вице-премьер. 

«Үкімет «Протон-М» қозғалтқыштарымен жағдайдың дамуын қадағалайды. Жаңа аппатардың болуына жол берілмеді, алайда Роскосмос жүргізіп отырған тесеру РФ үкіметінің бақылауында болады», деп сендірді өзінің твиттерінде РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин. 

Пуски ракет-носителей «Протон-М» с Байконура возобновят в мае 2017 года


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ