Главная Новости

Новости

02.02.2017
«ҚҒС» ҰК» АҚ ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен қызметтерін пайдалану жөнінде кезекті тұсаукесер өткізді

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ («ҚҒС» ҰК» АҚ) мамандары мемлекеттік мекемелердің өкілдері үшін Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) өнімдері мен қызметтерін пайдалану жөнінде консультацияларды жалғастыруда. 2017 жылы 30 қаңтарда Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірлескен кеңес өтті.    

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің және «ҚҒС» ҰК» АҚ басшылығы ҚР Экономика министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлескен ынтымақтастық келешегі туралы мәселені талқылады. 

«ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің өнімдері мен қызметтерін пайдалану жөнінде тұсаукесер өткізді:  

1.  Мақсатты геопортал мүмкіндіктерін көрсету;
2.  Жер қойнауларын пайдалану мониторингі;
3.  Жерді пайдалану мониторингі;
4.  Табиғатты пайдалану (ҚТҚ тастайтын жердің көбеюі) мониторингі;
5.  Әуежайлардың буферлі аймақтарының мониторингі;
6.  Топографиялық және тақырыптық картография;
7.  Автомобиль жолдары жағдайының мониторингі; 
8. Инфрақұрылым (жол айырықтары, көпірлер, автотұрақтар, ЖЖМС, байланыс желілері, ЛЭП және т.б.) мониторингі және құрылысы мен қайта құруын жоспарлау.
 

Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ) 2015 жылы Airbus Defense and Space француз компаниясымен бірлесіп құрылғаны белгілі. Барлық техникалық көрсеткіштер бойынша ол шетелдік аналогтармен бәсекеге қабілетті. 

Атап айтқанда, 2016 жылы «KazEOSat-1» кеңістіктікті айыру қабілеті жоғары және «KazEOSat-2» айыру қабілеті орта ғарыш аппаратынан (ҒА) елдің меморгандарына шамамен 20 млн. ауданның бірнеше он мың ғарыш түсірілімдері берілді. 

«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінен алынатын ғарыш түсірілімдерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беру қызметтері» республикалық ішкі бағдарламаға сәйкес ғарыштық мониторирнг өнімі мемлекеттік органдарға өтеусіз негізде беріледі. Бұл ел бюджетінің шамамен 12 млрд. теңгесін үнемдеді.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ