Главная Новости

Новости

01.02.2017
Біздің өмірімізге ғарыштық технологияларды енгізу мемлекеттік масштабтағы міндет болуда.

Осы күндері ғарыш қызметінің өнімдерін адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларына енгізу жүріп жатыр. Бұл  үрдіс мемлекеттер алдына ғарыш қызметі бағыттарының тұтас кешенін және соңғы тұтынушыға бағдарланған ғарыш қызметтерінің кең спектрін бір мезгілде дамыту міндетін қояды.  

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдына маңызды стратегиялық міндеттерді қояды.  Ведомствоның жұмысының негізгі бағыттары қорғаныс, аэроғарыш және электронды өнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты, ақпараттандыру және байланыс, мобилизациялық дайындық және мобилизация саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздік) іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті құру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясат жүргізуге және әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу, қорғаныс тапсырысты жасау, орналастыру және орындау саласында басқару болды. 

Бәсекеге қабілетті аэроғарыштық өнеркәсіпті дамыту мақсатында бүгін Жерді қашықтықтан зондтаудың әрекеттегі жүйелерін, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін экономика, ел қорғанысы мен қауіпсіздігі міндеттерін шешуде қолданудың пайдалы әсерін арттыру үшін жұмыс жүргізілуде. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ миссиясы – бұл елімізде ғарыштық технологиялар құру және енгізу. 

Бұл отандық экономика, республиканың қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігі саласында жаңа инновациялық бағыт. Қазақстанның қазіргі заманғы ғарыш қызметінің флагманы деп атайтын компанияның алдында өте маңызды міндеттер тұр. Тап осы туралы Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің Жолдауының бірінде сөз болды: «2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс. Мен Астанадағы ғарыштық аппараттар құрастыру-сынақтан өткізу кешенін, қашықтан зондтау ғарыштық жүйесін, ғарыштық мониторинг пен жердегі инфрақұрылымның ұлттық жүйесін және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесін айтып отырмын». 

Ғарыштық технологияларды құру және енгізу бірнеше онжылдықты қажет ететіні барлығына мәлім, сондықтан біз біртіндеп, дәйекті және қисынды жылжып келеміз. Мысалы, стратегиялық әріптес –Airbus Defence & Space (ADS) аса ірі еуропалық концернімен алты жылғы жұмыс нәтижесін жаңа ғана алып отырмыз. Осы жылдар ішінде Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі құрылды, жоғары технологиялық бірегей нысан ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің құрылысы басталды. Оның үстіне ЖҚЗ ҒЖ мен ҚСК құрудың негізгі шарттарының бірі ғарыштық технологиялар трансферті болды. Яғни біздің қазақстандық мамандар жерсеріктерді басқаруды ғана емес, ғарыш аппараттарын да жасауды үйренді. 

1 метр жоғары кеңістіктік айыру қабілетімен  KazEOSat-1 және 6,5 метр орта кеңістіктік айыру қабілетімен KazEOSat-2 екі қазақстандық жерсерік кіретін ЖҚЗ ғарыш жүйесі 2015 жылы штаттық пайдалануға алынды,  Жерсеріктерді жерүсті басқару  және ғарыш түсірілімдерін өңдеу кешені жұмысын бір жыл бұрын бастады. Қазіргі уақытта екі ЖҚЗ ғарыш аппараты тәулік бойы Жер бетінің мониторингін жасай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. Мысалы, бір тәулік ішінде KazEOSat-1 220 мың кв. км-ге дейін,  KazEOSat-2 1 млн кв. км-ге дейін ғарыштық тісіру жүргізе алады. 2015 жылғы маусымнан бастап желтоқсан бойы KazEOsat-1 ғарыш аппараты 84 млн кв. км-ден астам, өз кезегінде KazEOsat-2 ғарыш аппараты өткен жылғы наурыздан бастап жылдың соңына дейін шамамен 199 млн кв. км ғарыштық түсіру жасады. Осы түсірілімдердің көбі біздің бірегей мұрағатымызда, бір бөлігі тапсырыс берушілерге - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР ІІИ ТЖК және т.б. тапсырылды. 

Ғарыштан алынған біздің суреттеріміз Қазақстанның бірқатар облыстарында су тасқыны жағдайын, Алматы облысында сел қауіпін бақылауға, Арал теңізінің түбіне мониторинг жүргізуге, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі егістіктің сапасын анықтауға мүмкіндік бергені маңызды фактор болып табылады. Қазір біз жабайы өсетін сораның таралу шекарасын анықтау үшін Шу алабының түсірілімін жүргіземіз. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға қызметтер көрсетілді, ЖҚЗ ҒЖ пайдалануға арналған бюджеттік бағдарлама қолдау тапты, 25 дистрибьюторлық келісім және ішкі және сыртқы нарықта 2 агенттік келісімшарт жасалды. 

Биыл «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жобалық басқарудан жұмыс істеудің өндірістік нысанына көшеді және өз өнімін шығаруға кіріседі. Әзірше ЖҚЗ ҒЖ қызметтерінің экспортынан кіріс шамалы - 120 млн теңгеден астам, алайда келешекте біз Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің нарығында лайықты тауаша алуды жоспарлап отырмыз. 

Астанада ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру біздің компаниямыздың күрделі жобасы болып табылады, ол қазіргі заманғы технологиялық жабдықпен жабдықталады. Нысанды салу кезінде алдыңғы шепті технологиялар қолданылады, олар қазақстандық құрылыс индустриясында қазір әлі  сирек кездеседі. Мысалы, жаңғыртушы акустикалық камераны салу кезінде өздігінен тығыздалатын бетоннан жасалатын құрылмалар қосымша діріл жүктемені ескере отырып 153 дБ акустикалық жүктемені шыдауға тиіс және бұл құрылма біздің қазақстандық мамандардың күшімен және осы саладағы жетекші SEREME француз компаниясымен бірлесіп жасалды. Қазіргі уақытта ҒА ҚСК сынау учаскелерінің бүкіл технологиялық жабдығы жасалды, зауыд сынақтарынан өтті және Астанаға жеткізілді. 

Жобаны іске асыру барысында ҒА ҚСК жобасының қазақстандық қамтуын 10-нан 55% дейін көбейту шешілгенін атап өткен жөн. Жалпы өндірістік үдерісті күтпей, біз 3-D принтинг учаскесі, кәбіл өнімі өндірісінің (Harness) таза бөлмелері, күн бергіштер өндірісі (BASS), экрандық-вакуумды жылу оқашаулау (MLI) сияқты сынау учаскелерін құруға кірістік. Мұндай тәсіл құрамдас бөліктерді жасауға ADS кепілді тапсырысты 2016 жылы орналастыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мамандардың көбі біздің стратегиялық әріптесіміз ADS кәсіпорындарында дәл осы ғарыш аппараттарын жобалау және құрастыру бейіні бойынша оқыды және сертификат алды. Қазір біз ҒА ҚСК құрылысы осы жылдың аяғында аяқталу үшін барлық қажеттіні жасап отырмыз. Құрылыстың аяқталуы «Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорнының 100 кг-нан 6 тоннаға дейін массалар диапазонымен ғарыш аппараттарын жобалау, құрастыру және сынау жұмыстарына старт береді. 

ҚСК құрылысының құрылыстық дайындығы 34% құрайды. Осы жобаның шеңберінде құрылатын тәжірибелі өндіріспен ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюро ғимаратының жобасы  89% дайын болғаны есте қаларлық. ҒА ҚСК пайдалануға енгізілгеннен кейін ADS осы жобалар шеңберінде кепілді тапсырыс орналастыратыны туралы біздің стратегиялық әріптесімізбен уағдаластық бар. 

Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жетістіктердің бірі деп сеніммен айта аламыз, «Ғалам» бірлескен кәсіпорнының қазақстандық мамандары алғашқы рет әзірлеген, салмағы шамамен 120 кг болатын жаңа буынның технологиялық жерсерігі бұл жобаның алғашқы жаршысы болып табылады. ҒТМ ҒЖ жобалау, құрастыру және сынау біздің әріптесіміз – SSTL британдық компаниясының Ұлыбритания Гилфорд қаласындағы учаскелерде жүргізіледі, оны ұшыру 2017 жылы жоспарланып отыр. 

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі 2014 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген Қазақстан Республикасының Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі болып табылады. 60 дифференциалды стансадан тұратын, оның 50 қазақстандық мамандар жасаған және Қазақстанның бүкіл аумағында орналасқан желінің көмегімен біз геодезия, топография, жерге орналастыру, кадастр, карто­графия, инженерлік іздеулер, теміржол көлігі, құрылыс, ауылшаруашылық,  геодинамикалық зерттеулер міндеттерін шешу үшін жоғарыдәлдікті координаттық-уақытша ақпаратты ұсынамыз.

Біз жылжымалы нысандардың мониторинг және бақылап басқару қазіргі заманғы жүйесін құрдық.  Стратегиялық және басқа маңызды нысандарды бақылаудың көңіл аударарлық тәсілдерінің бір ЖЖНЖ шеңберінде құрылған жауапты құрылыстар деформациясы мониторингі жүйесі болды. Ол мейлі  көпірлер, мейлі бөгеттер, ГЭС, ГРЭС-тер болсын өнеркәсіптік құрылыстардың көтергіш құрылмаларының деформациясын бағалау үшін қолданылады. 

Осы жұмыс шеңберінде ЖЖНЖ Ұлттық операторы ретінде Астанада Алаш тас жолындағы көпір мониторингі жөнінде ілкі жоба іске асырылды, ҚР Ауыл шаруашылығы мен «Қазақтелеком» АҚ үшін жылжымалы нысандар мониторингі мен бақылап басқару қызметтері, сондай-ақ басқа тұтынушылар үшін топографиялық-геодезиялық қызметтер көрсетілді. Қазір кірістіріп салынған үй-жайлармен және паркингтермен тұрғын үй кешені, балабақша, сауда-ойын сауық кешені, қонақ үй, спорттық-сауықтыру кешені және планетарийі бар ғарышкерлік мұражайы кіретін Ұлттық ғарыш орталығы құрылысының 2-кезегін бюджеттен тыс инвестициялар есебінен іске асыру мәселесі пысықталуда. 

ЖҚЗ ҒЖ деректерін тиімді қолдануды ұйымдастыру мақсатында тек 2016 жылдың өзінде ғана біздің компания ғарыш түсірілімдері мен технологияларды картография, ТЖ, ауылшаруашылық, экология, қала салу, қорғаныс және қауіпсіздік міндеттерінде қолдануға қабілетті елдің меморгандарынан 150 маман даярлады. Бұдан басқа, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қажеттілігі үшін 20 млн кв. км астам көлемде ЖҚЗ деректері берілді, оның жанамалы экономикалық әсері 12,2 млрд теңге құрады. 

Келешек туралы сөз қозғағанда, біз ЖҚЗ жерсеріктерінің отандық тобын толықтыру туралы ойлаймыз.  Өйткені 2022 жылға қарай қолланыстағы екі қазақстандық ЖҚЗ жерсерікті, олардың жоспарлы пайдалану мерзімі аяқталуына байланысты жаңарту талап етіледі, 2020 жылға қарай UrtheCast канадалық компания құратын OptiSARTM халықаралық жерсеріктік топқа кіру мәселесі пысықталуда. Бұл қолданыстағы KazEOSat-1 жерсерікті алмастыруға, радарлық ғарыш аппаратымен толықтыруға, сондай-ақ технологиялар тарнсферті мен 20 млн. доллардан астам сомаға тапсырыс алуға мүмкіндік береді. Сонымен ЖҚЗ жерсеріктер тобы бірегей және патенттелген деректерді өңдеу жүйесін, деректерді сақтайтын және тарататын бұлтты жүйені және web-платформа негізіндегі көзбен шолу жүйесін алады, бұл кең тұтынушылар тобының ғарыштық технологияларға қол жетімді болуына мүмкіндік береді. 

KazOptiSAR жобасын іске асыру озат технололгияларды енгізуден шығыстарды түрлендірудің дүниежүзілік жүйесіне кіруге және Қазақстанда ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру үрдістерін автоматтандыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы жобасының шеңберінде Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру жоспарлануда. Әрине, республикада кеңістіктік деректердің үлкен көлемі бар, бірақ олардың өзектілігі, үйлесімділігі мен бірлесіп пайдалануы  қажеттілікке сәйкес келе бермейді, бұл жиналған деректердің құндылығын айтарлықтай төмендетеді, олардың қайталануына, шашыраңқлығына және бір-бірінен едәуір оқшаулануына әкеліп соғады. 

К примеру, с 2013 по 2015 год проводилась аэрофотосъемка 18% территории РК, и по итогам обновлены 8,1% топографических карт. Для полного покрытия территории Казахстана аэрофотосъем­кой потребуется порядка 12 лет, при этом космическая съемка отечественной КС ДЗЗ позволяет осуществлять оперативное покрытие территории страны не реже одного раза в год. 

Проект НИПД должен стать площадкой, консолидирующей все пространственные данные в единую согласованную инфраструктуру, базу знаний по разным аспектам реализации политики государства. НИПД обеспечит оперативный дос­туп к созданным пространственным данным геоинформационных систем различного уровня. 

Инновацияларды дамыту үшін Ұлттық ғарыш орталығының өндірістік және ғылыми-техникалық базасын қолдану саласын Еуразия экономикалық одағының нарығында  қазақстандық ЖҚЗ ҒЖ қызметтерін  беру арқылы кеңейту, Қазақстанда ЕАЭК жетекші кәсіпорындары әзірлеген навигациялық аппаратураның өндірісін орналастыру,  тау-кен және машина жасайтын сектордың ірі компанияларының тапсырыстары негізінде ғарыштық бейінді емес жабдықты ҒА ҚСК-де жобалауға, құрастыру мен сынауға қатысу жоспарланып отыр. Бүгін Қазақстан елдің аэроғарыш саласында көшбасшылыққа ынтасын бірте-берте іске асыра отырып, ғарыш нарығының ортақ құрылымына кіргені туралы қорытынды жасауға болады. Жоғары деңгейде қабылданатын ғарышкерлікті дамыту шаралары түпкілікті нәтижеге – ғарыштық держава мәртебесіне жетуге бағытталған. 

«Ғарышта сынап көретінді, жерде жасау мүмкін емес. Зерттеулердің барлық тәжірибесін жинай отырып ғалымдар жерде үлкен жаңалықтар ашады. Сондықтан мемлекеттің ғарышқа жұмсайтын кез келген ақшасы өтеледі. Бүкіл әлем мұнда жарысуда.» – деген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің сөздері біздің әрекет етуімізге басшылық болып табылады!

«Казахстанская правда» газеті


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ