Главная Новости

Новости

06.02.2017
ҚР қорғаныс және ғарыш өнеркәсібінің жаңа министрлігінің құрылымдары әрекеттестікті нығайтуда

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) аумағында орналасқан «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ орталық офисіне «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ мамандары кіріп шықты, деп хабарлайды, компанияның баспасөз қызметіне сүйене отырып «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

«Бұл, міндеттері тығыз және тиімді әрекеттесу болатын Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ҚАӨМ) қарасты ұйымдардың бірінші кездесуі емес», - деп атап өтті ҚР ҚАӨМ вице-министрі Марат Нұрғожин. 

Осы жолы «Қазинжиниринг» мамандары ҰҒО-ға «Каzakhstan Aselsan Engineering» ЖШС-тің («КАЕ» ЖШС) түрік әріптестерімен келді.  

«КАЕ» ЖШС 2011 жылы ҚР қорғаныс өнеркәсібінің электронды және электронды-оптикалық өнім бөлігіндегі міндеттерін орындау үшін құрылды.  

Бас директор  Тарык Зия Кабоглу айтқандай, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС зауытының  Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнімінің құрамдас бөліктері болып табылатын электронды-оптикалық аспаптар, электронды платалар мен линзалар өндірісі үшін көптеген жабдығы бар.  

Түрік қонақтарға қазіргі ҚР жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі жерүсті кешенінің, салынып жатқан ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. 

«КАЕ» ЖШС-пен біздің кезедесуіміздің мақсаты – байланыстар орнату және ықтимал бірлескен ынтымақтастықты пысықтау. Біз ілкі жобалар жөніндегі жұмыстар туралы хаттамаға қол қойдық, екі жақ та ынтымақтастыққа мүдделі және дайын»,- деп аяқтады сөзін «КҒС»ҰК» АҚ  вице-президенті Айдын Айымбетов.

DSC_0216.JPG



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ