Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

10.02.2017
Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы ғарыштан бақылауда болады

Қарағанды облысындағы су тасқыны ғарыштан бақыланады, деп хабарлайды «DKNews» ХАА «Қазақпарат» ХАА сүйене отырып. Әкімдік отырысында ТЖ департаментінің басшысы Ибрагим Күлшімбаев хабарлағандай, мұндай практика бірінші рет енгізіліп отыр. «Ғарыштық мониторингті қолдану су тасқынын тиімді қадағалауға мүмкіндік береді», — деді Күлшімбаев. Төтенше ведомство басшысының айтуы бойынша Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы 2016 жылы өте қиын болды. Іс жүзінде облыстың барлық аумағында және өзендер бассейіндерінде қар запастары нормадан 1,5-2 есе артты, бұл күрделі су тасқыны жағдайына алғышарттар туғызды. 

«Сонымен бірге, су тасқына кезеңіне дайындық бойынша уақытында ұйымдастырылған және жүргізілген алдын ала сақтандыру жұмыстары өзінің оң нәтижесін бергенін атап өткім келеді. Көп жылғы бақылаулар негізінде, су тасқыны кезеңіне дайындық және өту барысында ерекше назар аударылған әр қала мен аудан бойынша қауіпті су нысандары анықталды. Су тасқыны қауіпі бар аумақтарды комиссиялық тексеру жүргізілді, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп елді мекендерге рейд іс-шаралары және су тасқыны қауіпі бар аудандарға көшпелі кеңестер ұйымдастырылды. Биыл ұқсас жұмыс жүргізілуде», - деді ТЖ департаментінің басшысы. 

Олар бойынша инвестициялар көлемі 175,3-тен астам миллион теңге құраған гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдар 23,4 километр қорғаныс дамба салуды, өзендер арнасының  3,3 километр жағасын нығайтуды және түбін тереңдетуді, су тасқыны қауіпті өзендер арнасының  6,335 километрін түзетуді, кеңейтуді және тазалауды ұйымдастырды. 

«Су деңгейінің көтерілуіне тап болған 55 елді мекенде жергілікті құлақтандыру жүйелері орнатылды. Автожолдардың бұзылған учаскелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Облыстың 91 су объектісінің жағдайы тексерілді. 18 су объектісі негізіне дейін бұзылған және бос қалыпта екенін атап өткен жөн, - деді Ибрагим Күлшімбаев. Барып көрген көптеген су қоймалардың техникалық жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызады. Су объектілерінде қызмет ету тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар ұзақ уақыт жүзеге асырылмаған. Бөгеттердің жоталарында шұңқырлар, жарықтар бар. Бөгеттердің жоғарғы және төменгі құламаларының формасы өзгерген және жөндеуді қажет етеді. Суқашыртқы құрылыстар жұмысқа жарамсыз күйде, тасқындық суқашыртқылардың арналарын шқп басып кеткен. Төменгі құламаларда сүзілу байқалады». Бұхар Жырау, Ақтоғай, Абай, Шет, Осакаров аудандарының және Қаражал қаласының су қоймалары  аса проблемалы болып табылады.

Облыстың барлық өңірлері төтенше қаржы қорын құрды, қалаларда ол орта есеппен 223,098 миллион теңге, аудандар бойынша - 133,793 миллион теңге құрайды. Жалпы, дайындық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ