Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

10.02.2017
Иллюминаторда Жер...

Айдын Айымбетов ұшқанда Мемлекеттік тумен бірге алған Әскери-әуе күштерінің туын тәрбиелік мақсатта қолданды. Иллюминатордан біздің планетаға қарай отырып, Айдын Айымбетов отбасы туралы ойланып кетті. Айтпақшы, ғарыш стансадағы бір килограммен шектелетін қол жүгі арасында үйінен ол  туғандарының суреттерін және кіші қызы сыйлаған ойыншық арыстанды ғана алған. – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық униыверситетінде өзімен кездесуге келген студенттерге: «Мен өзіммен бірге біраз нәрсе алар едім, бірақ рұқсат етілмеді, - деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті және ұшқыш-ғарышкер. Онда әр нәрсенің салмағы өлшенеді және центрлігі ескеріле отырып кемеге салынады. 

Жастарды бәрі қызықтырды. Жігіттер ғарышкер нені армандайтыны туралы, салмақсыздық жағдайындағы жұмыс туралы, болашақтағы жоспарлары туралы сұрады. Ғарышта болған 545-жер тұрғыны, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов өзіне адал. Бұл жолы да ол студенттерге өздігінен білім алу әр адамға пайдалы екенін айтты. 

Біздің ғарышкер өз арманына алған бетінен қайтпай жетті. Ұзақ 12 жыл Айдын Айымбетов ғарышқа ұшуға дайындалды және 2015 жылы халықаралық ғарыш стансаға кезекті экспедицияға қатысты. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагарин старты» зымыран-тасығыштан 500-ші ұшыру болды. 2015 жылғы қыркүйектің басында екінші бортинженер Айдын Айымбетов шамамен 10 тәулік ұшты. Ғарышта қазақстандық бірқатар ғылыми зерттеулер, соның ішінде орбитада радиациялық жағдайды, сондай-ақ Арал мен Каспий теңізі аудандарындағы экология жағдайының ғарыштық мониторингін зерттеу бойынша бірқатар ғылыми эксперименттер өткізді. 

– Адам ағзасы соншалықты әмбебап, ол кез келген жағдайда қоршаған ортаға бейімделуге тырысады, – деп бөлісті жиналғандармен ғарышкер. 

Бірақ салмақсыздыққа үйрену қиын болды. Үйықтау және тамақтану үйреншікті болмады, үйден алған ет дәмді, бірақ кебіңкі болды, оның үстіне сорпа жетіспеді... Түстері де ғажап болды, өйткені бұрын ол ғарыш кеңістігі туралы қиялдайтын, ал ғарышта оның түсіне Жер кірді.   

Ғылыми бағдарламаның тапсырмаларын қазақстандық, нәтижесі дәл болу үшін екі-үш реттен жасады. Және барлық үрдісті бейнеге жазып алды. Ғарышкердің ҚР Әскери-әуе күштерінің жайылған туымен түскен суретін БАҚ көп тиражбен шығарды және жас ұшқыштар мен курсанттарға жіберді. 

– Менің суретіме қарап, көптеген жаңа бастап жүрген ұшқыштар арман орындалады деп ойлаған шығар, – деп жалғастырды қонақ. – Қарапайым ұшқыштың ғарышкер болуға әрдайым мүмкіндігі бар, тек бұған ұмтылу керек. 

Ғарышкерліктің болашағы туралы сұрақтарға жауап бере отырып, ол Жер халқы жақын планеталарды отарлауға әзірленіп отырғанын еске салды. 

– Марсқа, басқа планеталарға қатысты көп жобалар бар, жетекші ғарыш державалар Айда ғылыми базалар құруды ойластырып отырғаны құпия емес, - деді ғарышкер. Олар 2025-2030 жылдары салынады, онда роботтар емес, адамдар – астрнавттар, ғарышкерлер жұмыс істейтін болады. 

Айдын Айымбетовтің сенімі бойынша ерте ме, кеш пе өзінің бесігінен шығады. Өйткені ғарыш – бұл біріктіретін кеңістік. 

Студенттер қонақты әлі біраз уақыт жібергісі келмеді, қоштасар алдында – естелікке селфи жасады.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ