Главная Новости

Новости

10.02.2017
ҚР меморгандары 12 млрд. теңгеге ғарыштық мониторинг өнімін алды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ -  2016 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ коммерциялық құны 12 млрд. теңгеден астам құрайтын ғарыштық мониторинг өнімін еліміздің меморгандарына өтеусіз берді деп хабарлайды, компанияның баспасөз қызметіне сүйене отырып  «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

На 12 млрд тенге получили госорганы РК продукцию космического мониторинга

Атап айтқанда, «KazEOSat-1» айыру қабілеті жоғары (1метр) ғарыш аппараты 12 мың ғарыштық түсірілімді 20-дан астам мемлекеттік органға, оның арасында ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ІІМ ТЖК,  ҚР ІІМ Есірткі ьизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және басқаларға берді.  

«KazEOSat-2» айыру қабілеті орта (6,5 метр) ғарыш аппараты 2016 жыл ішінде шамамен 3 мың түсірілім берді, оның 2,5 мыңнан астамы  қазақстандық меморгандарға жұмыс үшін тапсырылды.   

На 12 млрд тенге получили госорганы РК продукцию космического мониторинга

Есепке сай, 2016 жылы ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктері 20 миллион шаршы метрден астам аумақты суретке түсірді. Ғарыштық түсірілімдер меморгандарға өтеусіз негізде берілді деп атап өтілген баспасөз-релизде.  

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ орталық офисінде өткізген ҚР меморгандары өкілдерінің кеңесінде компанияның елдің мемлекеттік органдарымен іс жүзінде әрекеттесуі туралы сөз болды. 

Компанияның мамандары ЖҚЗ ҒЖ өнімдерін пайдалану жөнінде мемлекеттік мекемелермен екі жыл бойы консультациялар жүргізуде. 2016 жылы 150 маман – 13 меморганның өкілі оқыды, ЖҚЗ ҒЖ деректерін өтеусіз беру жөнінде 12 шарт жасалды, деп хабарлады «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев. «Біздің қызметтерімізге мүдделі барлық меморгандар ғарыштық мониторинг өнімін пайдалануды үйренді. Бейімделудің бірінші кезеңі аяқталды, енді ЖҚЗ ҒЖ іс жүзінде пайдалану кезеңі басталуда, пайдаланушылар ғарыштық түсірілімдерге ақы төлейтін болады», - деп атап өтті ол.   

ЖҚЗ қызметтерін монеталау -  осындай міндетті бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ алдына Бірінші вице-премьер  Асқар Мамин қойды,- деп атап өтті сөйлеген сөзінде ҚР КАӨМ вице-министрі М.Нұрғожин. «Бұл үшін  компания ғарыштық түсірілімдер сапасын жақсартуға, сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктеріне және нәтиже ретінде пайда табуға ерекше назар аудара отырып ЖҚЗ ҒЖ қызметтері мен өнімдерін коммерцияландыру жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет», - деді ол. 



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ