Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

16.02.2017
Ел Президентінің Жолдауы – Қазақстанның ғарыш қызметін дамыту үшін негізгі бағдарламалық құжат

2017 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде министрліктің басшысы Б.Б.Атамқұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауын талқылау жөнінде кеңес өтті. 

Кеңесте елдің жаһандық бәсекеге қабілеттелігін қамтамасыз етуші экономикалық өсудің жаңа үлгісін құруға бағытталған Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыру бойынша барлық қадамдар қарастырылды. 

Б.Б.Атамқұлов сөйлеген сөзінде Жолдауда белгіленген бес негізгі басымдыққа, соның ішінде министрліктің қарамағындағы ұйымдар қызметіндегі кезек күттірмейтін және тиімді қадамдарға назар аударды.    

Ел Президентінің Жолдауын талқылауға 2017 жылы 10 ақпанда өткен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөніндегі ұжым жиналысы күн тәртібінің екінші тармағы арналды. 

Кеңеске қатысушылардың алдында негізгі баяндамамен жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент Ерболсын Нұрсейітов сөз сөйледі, ол Президент Жолдауындағы Қоғамның қызметіне тікелей қатысы бар барлық негізгі бағыттар және Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін қандай жұмыстар күтіп тұрғаны жөнінде айтып берді.   

Ел Президентінің Жолдауын қолдап ғарыштық технологиялар вице-президенті А.А. Айымбетов пен Қоғамның бірлескен хатшысы Ш.Қожахметов сөз сөйледі.   

Бағдарламалық құжаттың бес негізгі басымдықтарынан «ҚҒС» ҰК» АҚ басшысы Ерғазы Нұрғалиев бірінші басымдықты  ерекше атап өтті – бұл экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту.  

«Мемлекет Басшысы елімізде келешекті салаларды, с.і. сандық сервистерді дамыту қажеттігін атап өткені туралы сөз болды. «ҚҒС» ҰК» АҚ іске асыратын барлық жобалар, ЖҚЗ ҒЖ жерсеріктері арқылы Жерді қашықтықтан зондтау бойынша ұсынылатын қызметтерді қоса, дәл осы цифрлық сервистерге негізделген»,- деп атап өтті ол. 

«Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын қабылдау, заңнаманы жаңа ақиқатқа бейімдеу, IT-саласының даму мәселелерін еркше бақылауда ұстау тапсырылды. Цифрлық индустрияның дамуы басқа барлық салаларға серпін беруі тиіс. 

Осыған орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті «ҚҒС» ҰК» АҚ-мен бірлесіп «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» (бұдан әрі - ҰКДИ) жобасына басташылық етті. 

ҰКДИ жобасын іске асыру Ұлттық геоақпараттық жүйені және «Цифрлық Қазақстан»  бағдарламасының басқа сервистік жобаларын құру үшін тиімді іргетасын қамтамасыз етеді, бұл Мемлекет Басшысы қойған міндеттерге сәйкес келеді. 

Еліміздің басты бағдарламалық құжатының барлық бес басымдығы бүкіл ел үшін ғана емес, нақты бүкіл ұжымның, ұжымның әр қызметкерінің алдындағы көкейкесті міндеттер болып табылады», - деп атап өтті компанияның президенті. 

Сөзінің соңында Ерғазы Нұрғалиев ел Президентінің сөзінен: «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді», - деп  дәйексөз келтірді. 

«Күтіп отырмай,  «ҚҒС» ҰК» АҚ қызметіне әр маманның қатысу маңыздылығын түсіне отырып әрекет ету», - деп басшы компания қызметкерлеріне тілегін білдірді.

IMG_7202.JPG

IMG_7212.JPG

IMG_7210.JPG

IMG_7217.JPG



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ