Главная Новости

Новости

20.02.2017
Агроуниверситеттің студенттері Қазғарыштың сарапшыларымен шегіртке шабуылын болжады

Прогнозирование нашествия саранчи обсудили студенты агроуниверситета с экспертами Казкосмоса

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университетте (ҚАТУ) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС), «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» (ҰҒЗТО), «Ғарыштық техника мен технологиялар институты» ЕЖШС (ҒТТИ) қызметкерлерінің студенттермен кездесуі өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

ҚАТУ Геоақпараттық жүйелер орталығының (ГАЖ) басшысы Фараби Ермеков хабарлағандай, негізгі талқылау мәселесі ауылшаруашылық саласында қазақстандық ғалымдардың ғарыштық технологиялар жөніндегі зерттемелерін қолдану жөнінде болды. 

Студенттер Қазғарыштың мамандарымен бірге жерді пайдалану, ауылшаруашылық пен өнімділікті болжау мониторингін, ғарыштық мониторинг пен аурудың бұрқ ете түсуін, шегіртке шабуылын, дәл егін шаруашылықты болжау, қуаңшылық мониторингі мен болжау ғарыштық мониторинг технологияларын және басқа да көптеген қызық технологияларды қарастырды.  

Прогнозирование нашествия саранчи обсудили студенты агроуниверситета с экспертами Казкосмоса

«Көрсетілген технологияларды дала жағдайларында пысықтау үшін ҚАТУ Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында 1200 га алаңымен ғылыми-эксперименттік кампус аумағын береді. Бұл технологияларды жылжыту үшін біздің университет агроқұрылымдармен жолға қойылған байланыстарды, сондай-ақ ГАЖ технологиялар орталығының және ҚАТУ Дәл егіншілік орталығының қуаттарын қоса алғанда, басқа қолданыстағы ресурстарды қосады», - деп атап өтті Ф. Ермеков.    

Прогнозирование нашествия саранчи обсудили студенты агроуниверситета с экспертами Казкосмоса

Өз кезегінде, ҰҒЗТО әзірленген технологиялар мен бағдарламалық өнімді беруге дайындығы туралы хабарлады, ҒТТИ өзі шығарған радиотехникалық және электронды құралдармен жабдықтайды және қажет болған жағдайда өнімнің сериялық шығаурын қамтамасыз ете алады, «ҚҒС» компаниясы ЖҚЗ екі қазақстандық жерсерігінен ғарыштық түсірілімдермен және ғарыштық мониторингтің басқа өнімімен қамтамасыз етуге уәде береді.

Прогнозирование нашествия саранчи обсудили студенты агроуниверситета с экспертами Казкосмоса

«Кездесу өте тиімді болды, ЖҚЗ, ГАЖ, навигация, IT және электронды өнеркәсіп салаларындағы көптеген зерттемелер арасынан біз көп қатынас нүктелерін таптық және ауылшаруашылықта осы технологияларды жылжыту жөнінде күшімізді біріктіруді уағдаластық», - деді сөзінің соңында Ф. Ермеков.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ