Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

01.03.2017
Балалар кино студиясы қазақстандық ғарыш туралы фильм шығарды

Студия  детского кино выпустила фильм о казахстанском космосе

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Бүгін HitTV арнасында «Кинокио» балар кино студиясы дайындаған «Ғарыш» фильмінің көрсетілім өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Бұл шығармашылық тележоба туралы біздің агентікке жобаның көркемдік жетекшісі және авторы, режиссер, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, актер Марат Сарсенбаев әңгімелеп берді.  

«Біздің көрермендер балалардың қатысуымен өтетін қысқа фильмдер арқылы «Кинокио» жобасымен таныс, оларда «Ересектер әлемі балалардың көзімен» тақырыбы негізгі ой болып табылады.  Басқаша айтқанда, бұл жобада біздің балаларымыздың өмірі ғана емес, өсіп келе жатқан ұрпағымыз қарым-қатынас жасайтындардың барлығы бейнеленген. Жасөспірім бізді кішкентай адам ретінде және оның ішкі әлемі, қойылған мақсатқа жету жолындағы оның табандылығы мен жігерлігі қызықтырады», - дейді режиссер.  

2009 жылы құрылғаннан бастап «Кинокио» Қазақстан телеарналарының экрандарына 500-ден астам қысқа метражды фильмдер шығарған екен. Алғашқыда тележоба негізіне мектеп жасындағы қазақстандық балалардың күлкілі тарихтары салынған әзіл-оспақ ретінде ойланған. Бірақ соңғы жылдары «Кинокио» командасы әлеуметтік мәселелерге, балалар тәрбиесінің мәселелеріне, кәсіби бағдарлауға оларды дайындауға көп көңіл бөле бастады. 

Студия  детского кино выпустила фильм о казахстанском космосе

«Адамзат үшін ғарыш тақырыбы әрдайым ойландыратын тақырып. Ал балалар – бұл адамзаттың кішкентай үлгісі. Бізді балалармен қазақстандық ғарыштың болашағы тақырыбымен жұмыс істеу қызықтырды. Көп бала ғарышкер болғысы келеді ғой. Біздің фильмде балаларға біз ғарыш саласында ғарышкерден басқа да қызық кәсіптер барын айтуға тырыстық. Бұл ЗД модельдеумен, жерсеріктерді жинаумен айналысатын ғарыш техникасының инженерлері мен конструкторлары, ғарыш аппараттарын басқаратын, Жердің ғарыштық мониторингін жүргізетін, ғажап ғарыштық суреттер жасайтын  мамандар», - деді студияның көркемдік жетекшісі Марат Сарсенбаев. 
Қазақстандық ғарыш туралы телесюжет түсіру Астанада, Ұлттық ғарыш орталығының негізінде «Қазастан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлерінің көмегімен жүргізілгенін атап өткен жөн, оларға «Кинокио»  алғыс айтты.




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ