Главная Новости

Новости

01.03.2017
ҚР ЖҚЗ ҒЖ даму келешегі

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  (Қоғам) канадалық UrtheCast  компаниясы құратын OptiSar тобына қатысу жөніндегі барлық шарттарды келісті. 

Қоғам мен Urthecast арасындағы шарт – «OptiSarTM тобының жерсеріктерін құру, ұшыру және пайдалану туралы келісім» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес компанияның Директорлар кеңесіне енгізілді, содан кейін оны компанияның жалғыз акционері атынан «Қазғарыш» мақұлдауы тиіс. 

Жоба туралы анықтама

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  2021 жылға дейін айыру қабілеті жоғары ЖҚЗ ҒЖ оптикалық жерсерікті (KazEOSat-1, белсенді қызмет ету мерзімі 2021 жылдың соңына дейін) ауыстыруды және қазақстандық топты ЖҚЗ радарлы ғарыш аппаратымен толықтыруды пысықтауда. 

Пысықталған нұсқалардың бірі канадалық UrtheСas компаниясы жасайтын 16 жерсеріктен тұратын (жұптарға бөлінген) OptiSAR келешекті халықаралық жерсеріктік топтың құрамында меншікті жұп құру болып табылады.
Жерсеріктердің параметрлері қолданыстағы қазақстандық ғарыш жерсеріктерден артық және бірқатар параметрлер бойынша әлемде ұқсасы жоқ. 

Бұл топ Қазақстан экономикасы салаларының ғарыштық мониторингтің (радарлы, оптикалық және бейне түсіру) айыру қабілеті жоғары деректерімен, бұлттылыққа және тәуліктің уақытына қарамастан қажеттілігін қанағаттандыруға, сондай-ақ әлемдік нарықта OptiSAR бірегей өнімдерін сатудан кіріс алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, канадалық топ құруда Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  компаниясының – еншілес «Ғалам» ЖШС өндірістік әлеуетінің мүмкіндіктерін пайдалану жоспарлануда. 

Елбасы өзінің 2017 жылғы Жолдауында атап өткендей «Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек. Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр».

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі экономиканы үшінші жаңғырту жөніндегі ҚР ҚАӨМ ұжымымен кездесуде салалық кәсіпорындардың назарын жаңа инновациялық технологияларды енгізетін келешекті әлемдік компаниялармен ынтымақтастыққа аударды. 

Безымянный.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ