Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

02.03.2017
Маңғыстау облысында ғарыштық мониторинг өткізіледі.

Маңғыстау облысында ғарыштық мониторинг өткізіледі. Ол бүкіл облысты қамтиды және қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нәтижелерін жедел анықтауға мүмкіндік береді. 

Бұл тақырып "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетовтің өңірдің басшысы Алик Айдарбековпен кездесу барысындағы күн тәртібінде болды. Бұдан әрі уәкілетті адамдардың қатысуымен комиссия отырысы өтті. Ғарыштан жасалған түсірімдер ауыл шаруашылығы үшін пайдаланатын жерлерге, мұнай кәсіпшілігіне, су ресурстарына, сондай-ақ облыстың бүкіл аумағы экологиясының жағдайына толық мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұдан басқа, зерттеулер қатты тұрмыстық қалдықтарға, жануарлар мен өсімдік әлеміне қатысты болады. Ғарыштық зерттеулер ең жақын айда басталатыны белгілі болды. 


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ