Главная Новости

Новости

03.03.2017
Апаттар кезінде жедел шақыру мүмкіндіктерін «Атамекен» ҮЕК зерттеді (ФОТО)

Возможности экстренного вызова при авариях изучила НПП «Атамекен» (ФОТО)

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша еліміздің мүдделі меморгандары, ведомстволары мен коммерциялық құрылымдары Ұлттық ғарыш орталығында өткен семинарға қатысты, деп хабарлайды «Қазақпарат».

ХАА тілшісі. 2017 жылдан бастап барлық шығарылатын M және N санатты көлік құралдары апаттар кезінде жедел шақыру (АЖШЖ) жүйесімен жабдықталуы тиіс, оның әзірлеушісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚАӨМ) болып табылады. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Марат Нұрғожин семинарға қатысушылармен сәлемдесу кезінде 2016 жылы АЖШЖ жүйесінің шығарушылары жүргізген жұмыстардың бірінші циклі «112».

Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің шақыруларын, Кеден одағының техникалық регламент сертификатын алған отандық және шетелдік өндірушілердің шұғыл жедел қызметтердің кез келген құрылғыларынан толық қабылдауға мүмкіндік беретінін айтып берді.  

Возможности экстренного вызова при авариях изучила НПП «Атамекен» (ФОТО)

«Бүгінгі таңда АЖШЖ жүйесі ілкі режимде пайдалануға дайын, қазір ҚР Инвестициялар және даму министрілігімен бірлесіп АЖШЖ жүйесінің операторын айқындаумен және осы жүйені енгізумен байланысты ұйымдастыру сипатта мәселелер шешілуде. Қазақстандық АЖШЖ жүйесін шығарушылар – ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің ғарыштық техника және технологиялар институтының мамандары қазақстандық кәсіпкерлерге Қазақстан өңірлерінің тас жолдарында автокөлікті пайдаланумен нақты мысалдарда жүйенің мүмкіндіктерін көрсетті. Жол-көлік оқиғалары статистикасынан апаттар кезіндегі өлімнің  50% көмек уақытында көрсетілмегендіктен болады. АЖШЖ жүйесін енгізумен жедел қызметтердің апат болған жерге жету уақыты 30-40% қысқарады деп болжанады, бұл жүздеген құтқарылған адам өмірі. Айтпақшы, шығарылатын АЖШЖ жүйесінің соңғы тұтынушысы ҚР Ішкі істер министрлігінің атынан оның ведомствосы – Төтенше жағдайлар комитеті». 

Возможности экстренного вызова при авариях изучила НПП «Атамекен» (ФОТО)

Қазғарыш мамандары ұқсас жүйелер басқа елдерде белсенді қолданылатынын айтып берді: АҚШ-та бұл «E-911»,  Еуропада - «eCall». Ресейде «ЭРА-ГЛОНАСС» жүйесін әзірлеуде, Беларусте «ЭРА-РБ», бізде - АЖШЖ жүйесі енгізілуде. «Еуразия экономикалық одақтың аумағында барлық осы жүйелер өзара толық үйлесімді болады», -деп атап өтті олар. Қазақстандық кәсіпкерлер мен АЖШЖ жүйесін шығарушылар арасындағы пікірталас өте маңызды болды, және тараптар пікірлері бойынша Қазақстан Республикасында апаттар кезінде жедел әрекет ету жүйенің мүмкіндіктерін енгізу және пайдалану қажеттігінің көптеген сәттерін айқындады.




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ