Главная Новости

Новости

04.03.2017
Министр Атамқұлов апаттар кезінде жедел шақыру жүйесін тексерді

Министр Атамкулов проинспектировал систему вызова при авариях и катастрофах

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов апаттар кезінде жедел шақыру (АКЖШ) жүйесінің қазақстандық әзірлеушілерімен кездесті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА. 

Ұлттық ғарыштық техника мен технологиялар орталығы Ғарыштық техника мен технологиялар институтының  (ҒТТИ) мамандары АКЖШ жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетті. 

Министр Атамкулов проинспектировал систему вызова при авариях и катастрофах

«АКЖШ жүйесі жол-көлік апаты кезінде не бары 20 секунд ішінде шұғыл әрекет ету қызметтеріне хабарлауға мүмкіндік береді, бұл бақытсыздыққа ұшырыған адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде «алтын сағат» қағидасы туралы айтқанда аса маңызды. Болған жол-көлік апатының координаттарын автоматты түрде одан алуға, сондай-ақ қандай автомобиль апатқа түскенін білуге мүмкіндік беретін сигнал деректерді өңдеу орталығына келіп түседі», - дейді ҒТТИ ғарыштық ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі Денис Ерёмин. Сигнал Орталықтан АКЖШ жүйесінің операторына келіп түседі, ол нақты уақыт режимінде апат сигналын берген адаммен дауыс шығаратын байланыс арқылы байланыса алады және медициналық көмек қажет пе, зардап шеккендердің барлығы нешеу және т.б. нақтылай алады. Одан әрі ақпарат ТЖ қызметтеріне беріледі. 

Министр Атамкулов проинспектировал систему вызова при авариях и катастрофах

Жүйенің тағы бір артықшылығы – бұл Кеден одағына қатысушы-елдердің ұқсас жүйелерімен, сондай-ақ Еуропа Одағының аумағында бірігуге мүмкіндік береді. Бұрын айтылғандай, 

АКЖШ жүйесін енгізу мәселесі қазақстандық кәсіпкерлердің қызығушылығын туғызды, жуырда олар «Атамекен» ҮЕК-пен бірге Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті. 

Сонымен қатар Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Атамқұловқа «электронды білезік» деп көбірек танылған, бақылауда жүрген адамдардың электронды мониторинг жүйесін ұсындық.  

«Әріптестермен бірге біз «электронды білезік» жүйесінің тәжірибелі үлгілерін жасадық, олар толық отандық зерттеме болып табылады», - деп атап өтті Ерёмин. Зерттеме ҚР ІІМ ҚТЖ жүйесінде тексеру-тесттен өтті және оң қорытынды алды.  

Бақылаудағы адамдарды қадағалау жүйесін сатып алуға арналған бюджеттік қаражат шығындарын айтарлықтай төмендететін жүйені енгізу, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 

Министр Атамкулов проинспектировал систему вызова при авариях и катастрофах

Тәжірибелі үлгілер жұмысының қағидаттары зерттелгеннен кейін  ҚР ҚАӨМ басшысы жүйенің ілкі сынауына дайындық жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі. 

Министр Атамқұлов болашақта Қазғарыштың мамандарына табыс тіледі және АКЖШ жүйесі мен ҚР ҚАӨМ ғарыштық технологияларының басқа инновациялары Қазақстан экономикасына нақты қосылған үлес болатынын атап өтті.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ