Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

16.03.2017
Қазақстанның ЭРА-ГЛОНАСС жүйесінен «бас тартуына» сарапшы түсінік береді

АСТАНА, ҚАЗАҚПАРАТ  - Қазақстанда ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі ажыратылғаны туралы бірқатар қазақстандық және ресейлік БАҚ-ғы хабарламаға Ғарыштық техника мен технологиялар институты (ҒТТИ) директорының орынбасары Нұрлан Сатеров «Қазақпарат» ХАА тілшісіне түсінік берді. 

ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің ҒТТИ апаттар кезінде жедел шақыру (АКЖШ) қазақстандық жүйесінің әзірлеушісі екенін еске саламыз. 

«Қазақстанның ЭРА-ГЛОНАСС жүйесінен бас тартқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, себебі біздің еліміз бұл ресейлік жүйені пайдаланбайды,  тек онымен біріккен»,-дейді Н.Сатеров. 

«Ғаламторда бұл ақпарат пайда болғаннан кейін, біз дереу ЭРА-Глонасс операторларымен байланыстық, олар РФ аумағында ЭРА-Глонасс жүйесінің, оған қоса антитеррорлық шаралар қабылдауымен ажыратылуын растаған жоқ», - деді ол. 

«Біздің АКЖШ жүйенің ақпараттық қауіпсіздігі талаптарына келсек, Қазақстанның ұялы операторларымен жасасқан шарттар негізінде Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет 112 тек тіркелген қоңырауларды ғана қабылдайды, оған қоса лақап шақырулар АКЖШ жүйесінің іріктеу орталығында өңдеуден өтеді. 

Қазіргі уақытта  ЭРА-ГЛОНАСС ресейлік жүйеде ұқсас жұмыстар жүргізілуде», - дейді АКЖШ қазақстандық жүйе әзірлеушісінің өкілі. ЭРА-Глонасс жүйесін ажырату туралы ақпаратты Ғаламторға ҚР АКЖШ ГАИС жұмысында құзыреті әлсіз адамдар шығарғаны туралы пікірін білдірді. 

АКЖШ қазақстандық жүйесі 2016 жылы сыналғаны бұрын хабарланған, оның жұмысы мен мүмкіндіктерін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов бағалады. АКЖШ  жүйесі пилоттық режимде пайдалануға толық дайын. Жақын арада ҚР ИДМ Көлік комитеті АКЖШ жүйесінің операторын айқындауы тиіс. Барлық 14 облыстық орталықтар мен Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінде АКЖШ  жүйесі операторларының автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) құрылды. «Біз АКЖШ жүйесін іске қосуға толық дайынбыз», - деді сөзінің соңында Н. Сатеров.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ