Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

18.03.2017
«Қазақстан Ғарыш Сапары» өзінің меншікті «ұшқышсыз ұшағын» таныстыруда

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ -  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өзінің 12 жасқа толғанын атап өтеді, деп хабарлайды  «Қазақпарат» ХАА. 

Салтанатты іс-шара кезінде Қазақстан мамандары жасаған қазақстандық ұшқышсыз ұшатын аппараттардың (ҰҰА) тұсаукесері мен көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР КАӨМ) баспасөз қызметі. 

Жер ресурстарын басқару, геодезия, жол шаруашылығы,  ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, қала салу, кадастр және жерді пайдалану, маркшейдерия, энергетика, тау кенді игеру және мұнай-газ  өнеркәсібінде, құрылыс, ұлттық қауіпсіздік және т.б. салаларда ҰҰА қолданудың технологиялық шешімдері көрсетілетін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұшқышсыз ұшатын технологиялары» атты тұсаукесерді, компанияның вице-президенті, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов өткізеді.
 
Сосын ҰҒО аумағында 50 метрге дейін биіктікте «ұшқышсыз ұшатындардың»  ұшуы көрсетіледі. 

«Биыл компанияның туған күнін біз  нақты нәтижелермен және Қазақстанда Жерді қашықтықтан зондтау міндеттерін шешу үшін ұшқышсыз ұшатын аппараттар саласындағы  алдыңғы қатарлы жүйелер мен технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетумен қарсы алуды шештік»,- деп атап өтті президент  «ҚҒС» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев

Қазақстан Ғарыш Сапары» ұжымы компанияның туған күнін Наурыз мейрамымен тұспа-тұс өткізуі дәстүрлі. Осы күндердің құрметіне концерттік бағдарлама, мерекелік дастархан, қонақтар мен компания қызметкерлерінің балаларына ҰҒО бойынша экскурсия, жаңа жылдық конкурстар дайындалады.

Алғашқыда «Қазғарыш» деп аталған компания, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен құрылды, кейін атауы «Қазақстан Ғарыш Сапары» деп өзгертілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзімді саларалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатыса отырып, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге, ғарыш жүйелері мен кешендерін құру  жөніндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге бағытталған технологияларды енгізуге ерекше назар аударады.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ