Главная Новости

Новости

27.03.2017
Қазақстан делегациясы Малайзиядағы LIMА-2017 халықаралық көрмеге қатысты

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ -  Қазақстан делегациясы Малайзиядағы Лангкави аралында өткен 14 Халықаралық авиация-ғарыш және әскери-теңіз техникасы көрмесіне (LIMA-2017) алғашқы рет қатысты, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ҚАӨМ) баспасөз қызметіне сілтей отырып.    

LIMA Азия-Тынық мұхит өңіріндегі әскери техниканың аса ірі көрмелерінің бірі болып табылады, ол 1991 жылдан бастап екі жылда бір рет Малайзия Қорғаныс министрлігінің бақылауымен өтікізіледі. Көрменің тақырыптамасы – азаматтық және әскери авиация, гуманитарлық көмекке қатысу, стихиялық апаттардың салдарын жою, авиациялық техниканы жөндеу және жаңғырту бағдарламалары, дәлдігі жоғары қаруды басқару жүйесі, авиация және теңіз қару-жарағы, су асты жұмыстарына арналған техника мен жабдықтар, ұшқышсыз ұшатын аппараттар, техникалық барлау құралдары, кіруге рұқсатты бақылау құралдары, тренажерлер мен оқу бағдарламалары. 

Казахстанская делегация приняла участие в международной выставке LIMА-2017 в Малайзии

Биыл көрмеге 38 елден 550 компания қатысты.     

«LIMA-2017» шеңберінде ведомствоның вице-министрі Марат Нұрғожинның басшылығымен қазақстандық делегацияның Малайзия Қорғаныс министрі Х.Хусейнмен кездесуі өтті, оның барысында тараптар әскери-техникалық саладағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін қарады. Келіссөз қорытындылары бойынша Малайзия Қорғаныс министрі аэроғарыш саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ «Казахстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы шығаратын өнімге қызығушылықты растады.  «Малайзия қазақстандық өнімді АСЕАН мүше-елдердің көлемді және динамикалық қару-жарақ нарығына жылжыту бөлігінде өңірлік хаб ретінде бола алар еді»,- деп атап өтті  Х.Хусейн. Тараптар ниеттер туралы хатқа қол қойды, оның шеңберінде әскери-техника саласындағы кооперацияны кеңейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтарын құру жоспарлануда.   

Казахстанская делегация приняла участие в международной выставке LIMА-2017 в Малайзии

Белорус тарапымен кездесу қорытындылары бойынша «Қазақстан Инжиниринг» пен «Белспецвнештехника»  ГВТУП арасында тиісті технологияларды беру, сондай-ақ мамандарды оқыту бойынша қызметтер көрсетумен бронетехника үшін оптикалық-электронды өнім өндіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды», - деп хабарлады ҚР ҚАӨМ баспасөз-қызметі

Казахстанская делегация приняла участие в международной выставке LIMА-2017 в Малайзии


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ