Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

28.03.2017
10 жыл ішінде Қазақстан ғарыш саласын құруда нақты қадамдар жасады - Талғат Мұсабаев

 За 10 лет Казахстан сделал реальные шаги на пути создания космической отрасли - Талгат Мусабаев

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Тура 10 жыл бұрын, 2007 жылы 27 наурызда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Мемлекет Басшысының осы Жарғысы шыққаннан кейін, екі аптадан соң ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР ҰҒА төрағасы болып ҚР ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, қазір ҚР Президентінің кеңесшісі Талғат Мұсабаев тағайындалды.  

Мемлекет Басшысының ғарыш қызметі саласында дербес мемлекеттік басқару органын құру туралы шешім қабылдағанын Талғат Амангелдіұлы еске түсірді. «2006 жылы желтоқсанда мен Президенттің қабылдауында болдым және хаттама бойынша жоспарланған 10 минуттың орнына біздің кездесуіміз шамамен 2 сағатқа созылды. Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттық ғарыш саласын құру туралы нақты міндет қойды. Бірнеше айдан кейін Үкіметке тікелей бағынатын ҚР Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы жарлық шықты. Қазғарыштың осы жоғары мәртебесі бізге әлемнің ғарыш агенттіктерімен көптеген маңызды мәселелер шешуге көмектесті», - дейді Т. Мұсабаев.  

Талғат Мұсабаевтің пікірі бойынша, мемлекеттік ғарыш бағдарламасын басқаратын бірыңғай органның жоқтығы ғарыш қызметін дамытудың бірыңғай стратегиясының, әртүрлі бағыттарда жұмысты үйлестірудің болмауына әкелді. ҰҒА құрылуымен ел Президенті Қазғарыштың алдына: Қазақстанда қазіргі және толыққанды ғарыш саласын құру міндетін қойды.  

Сарапшылар мен Қазақстанның әріптестері 10 жылдың ішінде Қазақстан ғарыш қызметін дамытуда  өзінің ғарыш саласын бірнеше онжылдықтарда дамытқан көптеген елдердің жолдарына тең жол өтті деп есептейді.  

«Халықаралық ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, бізде отандық ғарыш инфрақұрылымын дамытудың екі баламалы жолы болды. Бірінші жол кейін одан әрі пайдалану үшін, шетелден дайын мақсатты ғарыштық жүйелер мен қызметтерді сатып алуды көздеген. Бұл ретте мемлекет практикалық тәжірибе алмайды және негізгі ғарыштық инфрақұрылымды дамытпайды. Мұндай даму тәсілі жер үстіндегі өндірістік инфрақұрылымға орасан зор инвестициялар тартуды қажет етпей, мақсатты ғарыштық жүйелерді пайдалануға жылдам ауысуға мүмкіндік береді, сонымен бірге экономика мен мемлекеттің экспорттық әлеуетіне тигізетін мультипликативті әсері шамалы болады.  

Екінші даму жолы өзіне меншікті жерүсті және өндірістік ғарыш инфрақұрылым құруды көздейді. Бұл жол ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді, жерүсті инфрақұрылымы, технологиялар трансферті бойынша белгілі қорабаның бар болуын, сондай-ақ едәуір мемлекеттік инвестицияларды қажет етеді. Тап осы, өзіне меншікті дамыған өндірістік-эксперименттік базаның және ҒА шығару құралдарының бар болуы мемлекетті толыққанды ғарыш держава ретінде сипаттайды. Біз екінші жолды таңдадық», - дейді Талғат Мұсабаев.  

Бүгін Қазғарыштың қарамағында жерсеріктік жүйелерді, зымыран кешенін құруды және пайдалануды, ғарыштық аппараттар мен қазіргі заманғы ғарыштық технологиялар құруды, ғарыш ғылымы мен зерттеулерді дамытуды, ғарыштық ұшулардың экологиялық қауіпсіздігі мен Байқоңыр ғарыш айлағының нысандарын ұстауды қамтамасыз ететін алты кәсіпорын бар. 

«Егер нәтижелер туралы қысқаша айтсақ, онда он жылдың ішінде Қазақстанның ғарыш аппараттарының (ҒА) екі тобы құрылды, ұшырылды және пайдалануға енгізілді: бұл «Казсат-2», «Казсат-3» екі байланыс ҒА тобы және «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) екі ҒА тұратын топ. Жерүсті ғарыш инфрақұрылым нысандары - «Казсат» ғарыштық байланыс жүйесін, ЖҚЗ ғарыш жүйесін, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін (ЖЖНЖ) басқару кешені салынды және табысты жұмыс істейді. Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығын (ҰҒЗТО) салумен ғарыштық ғылым жаңа айналымға шықты. Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласында әлемнің оннан астам ғарыш державаларымен халықаралық ынтымақтастық орнатылды. «ҚР ғарыш қызметі туралы» Заңды біздің жұмысқа енгізу жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді. Және ең бастысы, ғарыш саласы кәсіпорындарының ғылыми және инженерлік құрамының кадрлық тобы құрылды. Біздің мамандар – қазақстандық ғалымдар, инженерлер мен конструкторлар Ресей, Украина, Франция және Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы ғарыштық кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті. Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуымен Қазақстан отандық үш және одан көп ғарышкері бар аз елдер қатарына кірді»,- деп атап өтті Қазғарыштың экс басшысы.  

ҚР мемлекеттік басқару реформасына байланысты, 2014 жылы тамызда ҰҒА құрылған ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің (ИДМ) Аэроғарыш комитеті (АҒК) болып қайта құрылды.  

2016 жылы 20 қаңтарда Талғат Мұсабаев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.  

Т. Мұсабаевтің пікірі бойынша, Қазғарыш мәртебесінің өзгеруімен өзіндігін жоғалтпады, сондай-ақ елдің ғарыш саласын құру жөніндегі жұмысын дәйекті түрде жалғастыруда.  

2016 жылғы қазанда АҒК жаңа ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) қанатының астына кірді. «Біз министр Нұрлан Ермекбаевпен ҚАӨМ тұжырымдамасын әзірлеуге жеке өзіміз қатыстық, себебі бұл уақыт талабы – ғарыштық технологияларды экономикаға, мемлекеттің қорғаныс-өнеркәсіптік секторына, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге енгізу», - деп атап өтті ҚР Президентінің кеңесшісіТалғат Мұсабаев.  

Мемлекет Басшысы 2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтау міндетін қойды. Сөз құрылысы 2018 жылы аяқталуы тиіс Астанадағы ғарыштық аппараттар құрастыру-сынақтан өткізу кешені туралы болды. Қашықтан зондтау ғарыштық жүйесі, ғарыштық мониторинг пен жердегі инфрақұрылымның ұлттық жүйесі және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесі пайдалануға енгізілді және жұмыс істеуде. 

«Мен Ел Президентінің: «Ғарышта жасалатын сынақтарды жерде жасау мүмкін емес. Зерттеулер тәжірибесін жинақтай отырып, ғалымдар жерде үлкен жаңалықтар ашады. Сондықтан, мемлекет ғарышқа жұмсайтын кез келген ақша өтеледі. Бүкіл әлем жарысқа түсуде», - деген сөздерін толық қолдаймын. Және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылған Қазақстанымыз да сол жарысқа қатысуда», - деді әңгімесінің соңында Т. Мұсабаев. 

ҚР Президентінің кеңесшісі ғарыш саласының барлық мамандарын ерекше мәнді күнмен құттықтады және оларға келешекте табыс тіледі.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ