Главная Новости

Новости

29.03.2017
Іле мен Балхаштың ғарыштан түсірілген суреті «National Geographic Қазақстан» журналында жарияланды

Снимок Или и Балхаша из космоса опубликован в журнале «National Geographic Қазақстан»

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығы бірнеше ай бұрын «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинар шеңберінде «National Geographic Қазақстан» журналымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Бұл жұмыстың алғашқы нәтижесі журналдың жаңа нөмірінде Іле өзені мен Балхаш көлін зерттеу жөніндегі арнайы экспедицияға арналған материалда жарияланды. 

Алматыдан 300 шақырым жерде әлемде сирек кездесетін табиғаты таңғажайып мекен орналасқан. Ғалымдардың пікірі бойынша Іле өзенінің атырауы – Орталық Азияда сақталып қалған жалғыз табиғи нысан. 

Егер Іле атырауы жойылып кетсе, Балқаштың екінші Аралға айналу қаупі бар! Біздің агенттікке «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі орталығының (ЖҚЗ ҒЖО) жерүсті мақсатты кешені басқармасының бастығы Гүлжиян Қабдулованың айтуынша дайын болғанға дейін ғарыштық түсірілім бірнеше өңдеу сатысынан өтеді. 

Снимок Или и Балхаша из космоса опубликован в журнале «National Geographic Қазақстан»

Алдымен, 140 көрініс мөлшерінде айыру қабілеті орта (6,5 м) «KazEOS-2» жерсерігінен алынған түсірілімдер фотограмметриялық өңдеуден өткізіледі. Әр көріністің өлшемі 77х77 км құрайды,  тұтас алғанда бұл шамамен 300 000 шаршы километр құрады. 

Бұдан әрі ЖҚЗ деректерін фотограмметриялық өңдеу тобының инженерлері барлық 140 көріністі тұтас тігіп, мозаика жасады. Жұмыста әртүрлі маусымдағы түсірілімдер пайдаланылды, түсіру кезеңі – 2016 жылғы көктем-күз. «Біздің ЖҚЗ ҒЖ орталығы әртүрлі елдер үшін, соның ішінде ілкі жобаларды да орындайды. 

Болашақта осы жобалар елімізге үлкен пайда әкеледі, сонымен қатар KazEOSat-1 кеңістікті айыру қабілеті жоғары (1м) және KazEOSat-2 айыру қабілеті орта  6,5 метр біздің қазақстандық ЖҚЗ жерсеріетерінің қазақстандық түсірілімдеріне бүкіл әлем бойынша сұраныс ұлғаятынына сенеміз», - деп атап өтті Г. Қабдулова. 


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ