Главная Новости

Новости

26.03.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жаңа тағайындаулар өтті
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгіннен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жаңа ұйымдық-штаттық құрылым бойынша жұмыс істейді.

Компания президентінің м.а. Марат Нұрғожинның бұйрығымен жаңа тағайындаулар өтті. 

Бұрын Құқықтық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық департаментіне басшылық еткен  Ерболсын Нұрсеитов  Жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент болды. 

Қайта құрылуға дейін Экономика және қаржы вице-президенті болған  Ербол Оспанов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қаржы  директоры болды. 

Жаңадан құрылған Келешегі бар жобалар орталығының директоры болып Айберген Русланұлы тағайындалды, осыған дейін ол компанияның Жобалау офисіне жетекшілік еткен. 

2015 жылдың басында Ұлттық ғарыш орталығын салу және пайдалану вице-президентінің қызметіне, компанияға «Бәйтерек» БК-дан келген  Мамадияр Ахмедов тағайындалды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі вице-президенті Рашит Абдразаков «Ғалам» БК жұмысқа ауысты. 

Ғарыш жүйелерін құру және пайдалану вице-президентінің басты қызметінде Бағлан Қазиев қалды. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшысы атап өткендей, жаңа ұйымдық-штаттық құрылым қажеттігі компанияның жобалаудан өндірістік басқаруға ауысыумен байланысты. 

«Жаңа құрылым және міндеттерді дұрыс бөлу алдымызда тұрған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деп сенемін», - деді М. Нұрғожин.

2014 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша айыру қабілеті орта және жоғары Жерді қашықтықтан зондтау екі жерсерігі «KazEOSat-1» пен «KazEOSat-2» ұшырылғанын еске түсірейік. Компания ЖҚЗ ғарыш жүйесінің (ҒЖ) жерүсті сегментін пайдалануға енгізді. ЖҚЗ ғарыш жүйесін соңғы қабылдау 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілуде. 

Сондай-ақ, 2014 жылы ҚР (ЖЖНЖ) жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымының барлық негізгі элементтері пайдалануға енгізілді.
2015 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ және ЖЖНЖ қызметтерін ұсыну бойынша тиімді коммерциялық қызметті қамтамасыз етуді жоспарлауда. 

26032015.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ