Главная Новости

Новости

04.04.2017
Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) Жұмыс берушілер одағының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Жұмыс берушілер одағының құрамына бизнес-құрылымдар, білім мекемелерінің өкілдері және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Бүгін Еуразия ұлттық университетінің жұмыс берушілер қорында шамамен 840 кәсіпорын мен ұйым бар.

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ орталық кеңсесінде өткен отырыста 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, «Педагог» кәсіптік стандарты туралы баяндамалар тыңдалды, индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) шеңберінде ЕҰУ кадрларын даярлау мәселелері талқыланды. 

Кеңес мүшелері білім бағдарламаларын іске асыруға Германия, Оңтүстік Корея, Польша, Түркия мен Қытайдан әріптес-ЖОО-лар тартылғанын атап өтті. Университет жұмыс берушілермен жүргізілетін жүйелі жұмыстың арқасында оқу бітірушілерді жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейін тұрақты қамтамасыз етеді. Гумилев атындағы ЕҰУ ғарыштық техника мен технологиялар, сондай-ақ ғарыштық робототехника мен мехатроника саласындағы мемлекеттік бағдарлама үшін магистрлерді даярлайтын еліміздің басты 10 ЖОО қатарында.

 Ұлттық ғарыш орталығы негізінде (ҰҒО) Гумилев атындағы ЕҰУ кафедраларының үш филиалы: «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Ғарыштық техника мен технологиялар», сондай-ақ «Геодезия мен картография» бірнеше жыл бойы жұмыс істейді.

 Өз кезегінде, универсиет негізінде инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін жаңа, қазіргі заманғы зертханалар құрылды, олар студенттерге зерттеулер мен практикалық сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Зертханалар физика, нанотехнологиялар, физикалық және талдамалы химия, биотехнологиялар ғылымының пәнаралық салаларында пайдалануға мүмкіндік беретін бірегей жабдықпен жарақталған, деп атап өтті ЖОО ректоры Ерлан Сыдықов.

 «Қатарында «Ғарыштық техника мен технологиялар» мамандығының 73 магистрі бар мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі магистратура бағдарламалары бойынша алғашқы оқу бітірушілер осы көктемде оқуын аяқтайды», - деп атап өтті университет ректоры.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ