Главная Новости

Новости

06.04.2017
«Время первых»/«Алғашқылар дәуірі» - 3D форматында түсірілген ғарыш туралы алғашқы ауқымды ресейлік фильм.

BAZELEVS және "Третий Рим" кинокомпаниялары түсірген фильм 6 сәуірде қазақстандық прокатқа шықты. Бұл BAZELEVS студиясының қазақ тіліне дубляждалған бірінші фильмі. Фильмнің негізінде – тарихта адамның ашық ғарышқа бірінші шығуы туралы нақты оқиғалар, бұны 1965 жылы 18 наурызда «Восход-2» кемесінен Алексей Леонов жасады.

 Жобаның продюсерлері Тимур Бекмамбетов, Евгений Миронов және Сергей Агеев болды.

 Картинаның режиссері - Дмитрий Киселев, қазақ дубляжының режиссері -Айжан Жамшитова.

 Фильмнің негізгі эпизодтары – ғарышкердің ашық ғарышқа шығуы және экипаждың жерге оралауы ресейлік кинематографтың бірегей технологияларының көмегімен жасалды.

 Фильмнің тұсаукесеріне ҚР Президентінің кеңесшісі Талғат Мұсабаев, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі М.Р.Нұрғожин, «Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ президенті Е.М.Нұрғалиев, «Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ вице-президенті А.А.Айымбетов қатысты.

 Cілтеме мына бейнеге – қаз/орыс: https://www.youtube.com/watch?v=AyvpymKycxg



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ