Главная Новости

Новости

06.04.2017
Қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев «Алғашқылар дәуірі» фильмін көріп шыққаннан кейінгі әсерімен бөлісті.


АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев «Алғашқылар дәуірі»  фильмін көріп шыққаннан кейін әсерімен бөлісті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

 
 «Фильмді демімді шығармай қарап шықтым, фильмді шығарушылардың, актерлер, авторлар мен қазақ дубляжының жобасын орындаушылардың жұмысынан  қатты әсер алдым. Алексей Архипович – бұл ашық ғарышқа бірінші шыққан, шынында аңыз-адам. Ол ғарыштағы менің  ұстазым болды және болып қала береді. Леонов Ғарышкерлерді даярлау орталығына мен келгеннен бастап қолдау көрсетті, ғарышқа үш рет ұшуымда маған жетекшілік етті.

Фильмнен алған әсерімен бөлісе отырып, өмір мен өлім арасында жүріп ашық ғарышты «сынап көрген» фильмнің бас кейіпкері үшін қатты уайымдадым және оның жағдайын түсініп отырдым, деп мойындады Талғат Мұсабаев. Талғат Мұсабаев ашық ғарыш кеңістігіне шыққан алғашқы қазақ мәртебесіне ие. Ол ғарышқа жеті рет шықты, оның жалпы ұзақтығы 41 сағат 15 минут құрайды. 

 «Алғашқылар дәуірі»  киножобасын өте табысты деп санаймын, бұл ұшқыш ұшатын космонавтиканы, ғарышкер жұмысының мәнін насихаттауда үлкен көмек болады. Ғарышты игеру нақты тарихының қазақ нұсқасының болуы аса маңызды, бұл болашақ ұрпақтарымызға қажет», - деп атап өтті ҚР Президентінің кеңесшісі Талғат Мұсабаев. 

  «Алғашқылар дәуірі»  фильмінің көрсетілімінде ұшқыш-ғарышкер, ҚР Президентінің кеңесшісі Талғат Мұсабаев, ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті  Айдын Айымбетов болды.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ