Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

09.04.2017
ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінде «Қазғарыш» төрағасының кубогіне үстел теннисі бойынша турнир өтті

2017 жылы 8 сәуірде Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналған  «Қазғарыш» төрағасының кубогіне үстел теннисі бойынша турнир өтті. 

Бұл іс-шараға «Қазғарыштың» және оның қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлерінен құрылған 12 команда, атап айтқанда: Қазғарыштан 4 команда, 3 команда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлерінен, 2 команда – «Ғалам ЖШС», 2 команда «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және бір команда «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ құрылған.

Сайыс барысында қатысушылар қызық және тартымды  ойын көрсетті, ал жанкүйерлер көз тартарлық ойынның куәгерлері болғаны атап айтылған. 

Ойын қорытындылары бойынша жүлделі орындарды «Қазғарыш -1» (1-орынды), «Ғалам-1» - 2-орынды алды және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ - 1» командасы 3-жүлдегер болды.

Турнирдің жеңімпаздарына медальдар мен «Қазғарыштың» құрмет грамоталары тапсырылды. «Қазғарыш» төрағасының кубогіне үстел теннисі бойынша турнир  алғашқы рет 2016 жылы өткенін атап өткен жөн.

Мұндай іс-шаралар «Қазғарышта» жыл сайын Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні қарсаңында өтетін болады.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ