Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

11.04.2017
Бейбіт Атамқұлов қазақстандық ғарышкерлерді мерекемен құттықтады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) шақыруымен Ғарышқа адам ұшуының халықаралық күні құрметіне арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

«12 сәуір – әлемдік космонавтика тарихында ерекше күн. Осыдан 56 жыл бұрын, 1961 жылы 12 сәуірде, Жердің бірінші адамы, кеңес ұшқышы Юрий Гагарин ұшқыш басқаратын космонавтика ғасырын ашып, ғарышты бағындырды. Аға лейтенант Гагарин Қазақстан жерінде мыңдаған кеңес адамдарының еңбегімен  салынған Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты. Біздің еліміздің әлемдік космонавтиканы құруға тікелей қатысы болғанын біз мақтан тұтамыз», - деп атап өтті құрметті қонақтар мен Қазғарыш мамандарын құттықтай отырып ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов. 

Министр Атамқұлов ғарышты игеру ұлттық дамудың,  адамдар тұрмысының сапасын нақты жақсартудың маңызды қоры екенін атап өтті. 

«Соңғы он жылдықтың ішінде Қазақстан елдің ғарыш салысын құруда нақты қадамдар жасады, бірақ Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындау үшін одан да көп мақсаттар алда тұр», - деп атап өтті ол. 

Салтанатты іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» (РҒБО) АҚ басшысына Ресей Президентінің алғыс хатын тапсырды. Ресей мемлекеті басшысының хатында ол РҒБО-ға «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін»  алғыс білдірген. 

«Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуымен Қазақстан ғарышқа үш және одан да көп ғарышкер ұшырған азғана елдер қатарына кірді. Оқушылардың, студенттердің, еліміздің білім мекемелерінің өтінішімен Қазғарыш «Қазақстан ғарышкерлері» деген ақпараттық анықтамалықты шығарды», - деп хабарлады ҚАӨМ вице-министрі Марат Нұрғожин. 

Космонавтика күні қарсаңында Қазғарыштың тапсырысы бойынша шығарылған «Қазақстан ғарышкерлері» ақпараттық анықтамалықтың алғашқы даналары ғарышкерлерге тапсырылды. 

Анықтамалықты құрастырушы, байқоңырлық журналист Сара Нұрғалиева басылымды таныстыра отырып, ғарышқа ұшу туралы деректерді дайындаған кезде Қазақстан ғарышкерлерінің түзетулерімен ашық ақпараттық дереккөздерді пайдаланғанын атап өтті. 

Салтанатты жағдайда КАӨМ Аэроғарыш комитетінің (АҒК) қызметкерлеріне және Қазғарыш кәсіпорындарының мамандарына грамоталар мен министрдің алғыс хаттары тапсырылды. 

Қазғарыш бәйгесіне өткен дәстүрлі спорттық турнирдің жеңімпаздарын марапаттауды ҚАӨМ АҒК төрағасы Еркін Шаймағамбетов пен ҚР Президентінің кеңесшісі Талғат Мұсабаев жүргізді. 

«Мен өз әріптестерімізді, арасында осы жұмысты 25 жыл бұрын бірге бастағандарды да мерекемен құттықтауға мүмкіндік болғанына қуаныштымын»,- деді 1992 жылы ҚР Президенті тарихта алғашқы рет Қазақстанның Ұлттық ғарыш агентігін ашуды тапсырған, бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. «Бүгін Қазақстанның ғарыш саласы табысты құрылуда және бұл факт», - деп атап өтті Т.Әубәкіров. 

2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық ғарыш агенттігін басқарған және шамамен 10 жыл ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жұмысына басшылық еткен Талғат Мұсабаев та өзінің сөзінде ғарыш қызметінің дамуында Қазақстанның жетістіктерін атап өтті. 

«Бүгінгі таңда Қазғарыштың барлық учаскелерінде әлемнің ең озат компанияларының ғарыштық технологияларының тәжірибесін алған кәсіпқойлар, мамандар жұмыс істейді», - деді Қазғарыш қызметкерлерін кәсіби меркемен құттықтай отырып,Талғат Мұсабаев.  

Үшінші қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов өз баяндамасында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыштық технологиялар вице-президенті қызметінде жасап жатқан жұмысы туралы айтып берді. 

Жиналыстың соңында министр Атамқұлов, бейінді ведомство ретінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғарышкерлер күнін осындай салтанатты жағдайда бірінші рет атап өтті, 12 сәуір қарсаңында біздің ғарышкерлер, Қазғарыш мамандары үшін мұндай кездесулер дәстүрлі болатынына сенімдімін», - деді ол.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ