Главная Новости

Новости

17.04.2017
Қазғарыш төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (ҚР ҚАӨМ АҒК) төрағасының орынбасары болып Мәлік Олжабеков тағайындалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА. 

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі хабарлағандай М. Олжабеков конкурстық рәсімдерді табысты өтті және Қазғарыш төрағасы орынбасарының міндеттерін орындауға кірісті. 

Мәлік Олжабеков 30 жаста, екі жоғары білімі бар.  2009 жылы  КИМЭП университетін аяқтады, менеджмент мамандағы бойынша іскерлік әкімшілік ету және тухгалтерлік есеп бакалавры. 2014 жылы Әлфараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтады,  юриспруденция мамандығы бойынша құқық магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. 

Еңбек қызметін 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» (РҒБО) АҚ менеджер  ретінде бастады, онда 6 жыл жұмыс істеді.  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қызметке тағайындалғанға дейін «РҒБО» АҚ коммерциялық директоры қызметін атқарды. 

«Қазір Қазғарыш байланыс және хабар тарату, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық  жүйелер өнімдері мен қызметтерін ұсынуды коммерциаландыруға бағыт алды. Жас және келешегі бар төрағаның орынбасарына жұмыстың осы бағытын дамыту тапсырылды», - деп түсіндірді төрағаның жаңа орынбасарының тағайындауын ҚР ҚАӨМ АҒК төрағасы Еркін Шаймағамбетов.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ