Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

29.04.2017
Ұлттық ғарыш орталығында сенбілік өтті

«Қазакстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері «Біз – таза қала үшін» атты жалпы қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.
 
Көріктендіру, көғалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары компанияның орталық офисі орналасқан, салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығының аумағында  жүргізілді.
 
Тұран даңғылы бойында ҰҒО аумағына іргелес салынып жатқан ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені мен антенналық кешен ғимаратының аумағын жинауға ерекше назар аударылды.
 
Қазіргі уақытта Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін жерүсті басқару кешендері тапсырылды және тиімді жұмыс істейді, жуырдағы екі жыл ішінде ҰҒО екі негізгі нысанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
 
«
Ұлттық ғарыш орталығы астананың ғарыштық белгісі, оны  астаналықтардың көбі және әуежай жағынан қалаға кіретін қонақтар байқайды, жақын  арада бұл әшекей ғана емес, нақты ғарыштық қалашық  болады», - дейді «ҚҒС» ҰК» АҚ вице-президенті, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов.

IMG_8841.JPG

IMG_8844.JPG

IMG_8851.JPG

IMG_8856.JPG

IMG_8871.JPG

IMG_8943.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ