Главная Новости

Новости

25.04.2017
ҚР ҚАӨМ Ғылыми-техникалық кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті

А.ж. 25 сәуірде ғалымдырдың, әлеуетті құрылымдар, құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғылыми-техникалық кеңесінің бірінші кеңейтілген отырысы өтті. 

Отырыста қорғаныс-өнеркәсіптік кешен және ақпараттық қауіпсіздік - екі бағыт бойынша  31 ғылыми-техникалық жоба қаралды. 

Мақұлданған жобалардың көбі ақпараттық қауіпсіздік саласына жататынын атап өткен жөн, бұл жобалар, бәрінен бұрын әлеуетті ведомстволар мен арнайы мемлекеттік органдар үшін өзектілігімен, оларды өңдеу деңгейімен және отандық ИТ-компанияларды, математиктер мен студенттерді тарту үшін ашық конкурс өткізу мүмкіндігімен ерекшеленеді, бұл ақпаратты қорғау және арнайы ақпараттық технологияларды әзірлеу саласындағы қызметті көпшілікке тарату үшін маңызды. Бұдан басқа, бұл жобаларды іске асыру «Қазақстанның кибер қалқаны» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде аса маңызды. 

Сондай-ақ, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы жобалар еліміздің әлеуетті және құқықты қорғау органдары үшін өз маңыздылығымен (қолданыстағыны жаңғырту және қару-жарақ пен әскери техниканың, робототехникалық жүйелердің және т.б. жаңа отандық үлгілерін жасау) қолайлығымен, жаңалығымен және пысықтаудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. 

Барлық мақұлданған жобалар министрлік әзірлеген 2018-2020 жылдарға арналған Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаға енгізілді. 

Бағдарламаны табысты іске асыру ақпараттандыру мен байланыс (кибер қауіпсіздік) аясында қорғаныс, аэроғарыш, электронды өнеркәсіп және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ұзақ мерзімді ғылыми және инновациялық саясат негізін құруға мүмкіндік береді.


Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ