Главная Новости

Новости

04.05.2017
Ұлттық ғарыш орталығында ЕҰУ радиотехникалық зертханасын ашты

В Национальном космическом центре открыли радиотехническую лабораторию ЕНУ

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС) мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникации» (РЭТ)  кафедрасы бірлескен ғылыми-өндірістік орталық ашты, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

«Радиотехникалық зертхана» ҒӨО елдің жетекші жоо мен ұлттық компанияның радиотехника мен электроника саласында инновациялық технологияларды дамыту және Қазақстан Республикасында кәсіби ғылыми-техникалық кадрлар даярлау үшін өндірістік-технологиялық алаң құру бойынша ұзақ жұмысының нәтижесі болып табылады» - деп атап өтті ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі  Марат Нұрғожин. 

ҚҒС компаниясы Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі (ЖЖНЖ) орталығының тәжірибелі өндірісінің 550 шаршы метрінде орналасқан радиотехникалық зертханаға радиомонтаж учаскесі, тестілеу учаскесі, сәйкестікті бағалау зертханасы мен механикалық шеберхана кіреді. Ол ғылыми зерттемелер мен эксперименттер жүргізу үшін қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандырылған. 

В Национальном космическом центре открыли радиотехническую лабораторию ЕНУ

«ЖЖНЖ тәжірибелі өндірісінің алдында біз оларды жоо-мен кооперацияда  орындауды жоспарлап отырған жаңа радиоэлектронды аппаратура шығару және «ҚҒС» ҰК» АҚ бар зерттемелерін жаңғырту жөнінде бірқатар міндеттер қойылды. Бұл магистрлердің ғылыми әлеуеті мен мамандардың практикалық тәжірибесін пайдалануға, жоғары курс студенттерін нақты өндіріс жағдайларына бейімделуіне және нәтижесінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға әрі радиоэлектроника экспериментті үлгілерін жасауға  тапсырыстар орындауды бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев.  

«Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру – мұндай міндетті Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлт жоспарында» қойды, және бұл көкейкесті міндет. Қазір жоо-дағы оқудың өндіріспен байланысы жоқ екені құпия емес.  Көптеген ғылыми зерттемелер іске асырылмайды, ал олар экономикаға пайда әкелуі тиіс. Ғылым-өндіріс-бизнес – бұл үшбірлікті міндетті орындау туралы біз студент болғаннан бастап ойлауымыз қажет», - деп есептейді РЭТ кафедрасының меңгерушісі Шахмаран Сеилов.  

В Национальном космическом центре открыли радиотехническую лабораторию ЕНУ

ҒӨО құру туралы бірлескен құжатқа қол қоя отырып,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бірінші  проректоры Әсемгүл Молдажанова, Қазақстан ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау бойынша университет пен компанияның тиімді ынтымақтастығын атап өтті. ЕҰУ-да «ғарыштық техника мен технологиялар» мамандығы бойынша оқуды  алғашқы студенттер бітірді.  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да 2015 жылы геодезия және картография кафедрасының филиалы ашылды, компания мамандары жоо оқытушылары болып табылады.  

«Құрылған ҒӨО мақсаты – экономика салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігі. Радиотехникалық зертхана – қызмет істеу, білім үрдісін өзгерту  жаңа нысанына көшкенде құруды жоспарлап отырған өндірістік кешендердің үлгісі», - деп атап өтті проректор.  

В Национальном космическом центре открыли радиотехническую лабораторию ЕНУ

Гумилев атындағы ЕҰУ алғашқы магистранттары 2017 жылғы мамырдың ортасында Ұлттық ғарыш орталығының радиотехникалық зертханасында жұмысқа кірісетіні белгілі болды. 

В Национальном космическом центре открыли радиотехническую лабораторию ЕНУ





Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ