Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

04.05.2017
«ҚҒС» ҰК» АҚ Ұлттық ғарыш орталығында Ғылыми өндірістік орталық (ҒӨО) ашылды

Бүгін 2017 жылы  4 мамырда «Қазақстан Ғарыш Сапарында» ұлттық компаниясында  Ұлттық ғарыш орталығында Ғылыми өндірістік орталық  (ҒӨО) ашылды. 

Бұл орталық «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен күш салуымен құрылды. 

Бұл ҒӨО құру бастамашылары  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникации» (РЭТ)  кафедрасы болды. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдерінің алдында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі  Марат Нұрғожин: «Радиотехникалық зертхана» ҒӨО елдің жетекші жоо мен ұлттық компанияның радиотехника мен электроника саласында инновациялық технологияларды дамыту және Қазақстан Республикасында кәсіби ғылыми-техникалық кадрлар даярлау үшін өндірістік-технологиялық алаң құру бойынша ұзақ жұмысының нәтижесі болып табылады» - деді кіріспе сөзінде.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникации» кафедрасымен бірлесіп ҒӨО құру: 
- бірлескен қызмет үшін қолда бар тәжірибелі өндіріс базасын пайдалану;
- ЖЖНЖ орталығының тәжірибелі өндірісін тұтынушылардың навигациялық аппаратурасын әзірлеу, өндіру және тестілеу үшін жетіспейтін жабдықпен жарақтандыруға;
- «
Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлескен жобаларында проффессорлық-оқытушы құрамның,   магистранттар мен студенттердің ғылыми әлеуетін пайдалануға;
- технологиялардың бәсекеге қабілеттігі мен коммерцияландыруын жоғарылату жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін өндірістік консорциум құруға;
- студенттердің жабдықтар мен аппаратураны әзірлеу, құру және сынау үдерістеріне қатысу арқылы кадрлар даярлығының тиімдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

«ЖЖНЖ тәжірибелі өндірісінің алдында біз оларды жоо-мен кооперацияда  орындауды жоспарлап отырған жаңа радиоэлектронды аппаратура шығару және «ҚҒС» ҰК» АҚ бар зерттемелерін жаңғырту жөнінде бірқатар міндеттер қойылды. Бұл магистрлердің ғылыми әлеуеті мен мамандардың практикалық тәжірибесін пайдалануға, жоғары курс студенттерін нақты өндіріс жағдайларына бейімделуіне және нәтижесінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға әрі радиоэлектроника экспериментті үлгілерін жасауға  тапсырыстар орындауды бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев. 

В Национальном космическом центре открыли радиотехническую лабораторию ЕНУ

В Национальном космическом центре открыли радиотехническую лабораторию ЕНУ

IMG_9010.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ