Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

30.04.2017
KazEOSat-1 қазақстандық жерсерік оғарыштан 370 мың сурет түсірді

Казахстанский спутник KazEOSat-1 отснял 370 тысяч снимков из космоса

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін KazEOSat-1 қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жерсерігі орбитадағы табысты жұмысының үш жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Казахстанский спутник KazEOSat-1 отснял 370 тысяч снимков из космоса

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ инженерлері орбитада  KazOESat-1 тәуліктік сүйемелдеуін жүргізуде. KazEOSat-1 ғарыш аппаратының түсіру өнімділігі тәулігіне 220 000 кв.км құрайды.  

Казахстанский спутник KazEOSat-1 отснял 370 тысяч снимков из космоса

«KazEOSat-1» деректері ЖҚЗ, табиғи және ауылшаруашылық ресурстарының мониторингі, жер кадастрін жүргізу, ел қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картаға түсіру қызметтерінің толық спектрін көрсету, сондай-ақ стихиялық апаттар кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын қолдау және жүргізу үшін пайдаланылады.  

Жерсерік бортында пайдалы жүктеме ретінде «NAOMI» (New AstroSat Optical Modular Instrument) сканерлеу құрылғысы орнатылды, ол түсіруді 1 метр (панхроматикалық режимде) және 4 метрге дейін (мультиспектрлі режимде) жүргізуге мүмкіндік береді.  

Казахстанский спутник KazEOSat-1 отснял 370 тысяч снимков из космоса

KazEOSat-1 Жерді 1 метр  кеңістікті жоғары айыру қабілетімен түсіре алатынын ескере отырып, оны қос мақсатты ғарыш аппаратына жатқызуға болады.  

Үш жылдың ішінде орбитада KazEOSat-1 әлем аумағының 150 миллионнан астам шаршы километрін түсірді, бұл 370 мың ғарыш суретін құрайды.  

Ғарыш суреттерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беру қызметтері, олардың өтінімдеріне сай өтеусіз негізде берілетінін атап өткен жөн.  

Ғарыштық суреттерге негізгі тапсырыс берушілер  - ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ІІМ ТЖ комитеті, ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті, ҚР ИДМ Автомобиль жолдары, азаматтық авиация комитеттері, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметі.  

Тек 2016 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұйымдарына шамамен 15 мың ғарыштық суреттер берді, бұл  Жер аумағының түсірілген 20 миллионнан астам шаршы километрін құрайды.  

Казахстанский спутник KazEOSat-1 отснял 370 тысяч снимков из космоса

ҚР көптеген орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының өкілдері Ұлттық ғарыш орталығында геоөнімдер, жоғары қосылған құнымен геоөнімдерді және үсынылатын ғарыштық суреттер негізінде геосервистер құру бойынша оқыды. 

Қазіргі уақытта «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары ЖҚЗ ғарыштық жүйесі арқылы өтінімдер орындау жұмыстарын күн сайын жүргізуде, соңғы айлар ішінде Қазақстан өңірлеріндегі су тасқыны жағдайы мониторингі жөнінде мемлекеттік органдар тапсырыстары бойынша шұғыл ғарыштық түсіруге ерекше назар аударылды.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ