Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

31.05.2017
«Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық комиссия қала мен ғарыш айлағының даму жоспарын талқылайды

Межправкомиссия по комплексу «Байконур» обсудит план развития города и космодрома

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - 6-7 маусымда «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-отырысы өтеді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Байқоңырлықтар бұл кездесуден қала мен ғарыш айлағының келешегіне қатысты ерекше шешімдер күтеді. ҮАҚ күн тәртібінің негізгі сұрақтарының арасында – «Байқоңыр» кешеніндегі одан арғы ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыруды талқылау. 

Ғарыш кешені дамуының жаңа айналымын көздейтін бұл құжат Қазақстан мен Ресей президенттерімен мақұлданғаны, ал 2016 жылғы 26 желтоқсанда ҮАК тең төрағалары қол қойғаны белгілі. Қазақстан мен Ресейдің мүдделі мемлекеттік органдарының Байқоңырдағы одан арғы ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұсыныстары қандай? Бұл туралы алдағы үкіметаралық комиссияда сөз болады. 

Межправкомиссия по комплексу «Байконур» обсудит план развития города и космодрома

Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің құрылысы жөніндегі қазіргі қажет мәселелердің бірі ресейлік және қазақстандық сарапшылардың кездесуінде нақты  жылжуы тиіс. Бұл туралы орта сыныпты «Сұңқар» зымыранын жасау жөнінде айта отырып, бұрын Ресейдің вице-премьері Дмитрий Рогозин БАҚ-та мәлімдеген. Комиссияда «Байқоңыр» кешенінде пайдаланылмайтын нысандарды жалдан шығару, шығынға жазу және пайдаға асыру туралы маңызды әңгіме күтілуде. 

Қызылорда облысы әкімдігінің қатысуымен Қазақтан тарапының Байқоңырды қаржыландыру тәртібі мен шарттары туралы мәселе талқыланады, қаланы бірлесіп дамыту бағдарламасының жобасы қарастырылады, Байқоңырда қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша келісімдерге қол қойылатын болады. 

Тараптардың тең төрағалары – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин өткізетін  «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 5-отырысының күн тәртібіне «Байқоңыр» ғарыш кешені жұмысының шамамен 10 «қызу» мәселесі енгізілді.





Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ