Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

26.05.2017
Шетел мемлекеттерінің дипломаттары ҚӨК қазақстандық өнімінің және ғарыштық кәсіпорындар қызметтерінің экспортын дамытуға ниет білдірді.

2017 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің экспорттық әлеуетіне, сондай-ақ осы саладағы шетелдік әріптестермен ынтымақтастыққа арналған брифинг  өтті. 

Дипломатиялық корпустың өкілдерімен өткен іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі  Қайрат Әбдрахманов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт  Атамқұлов, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің (ҚӨК) отандық кәсіпорындар басшылары қатысты. 

«Бүгін Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің едәуір экспорттық әлеуеті бар, ол ел экономикасында белгілі тауашаны алады: қазақстандық әскери техниканың қазіргі үлгілері бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда қазіргі заманғы ғарыштық инфрақұрылым, байланыс және Жерді қашықтықтан зондтау спутниктік жүйелері құрылды, олар байланыс және телекоммуникация қызметтері мен жер беті ғарыштық мониторингінің сапалы өнімін ұсына алады», - деп атап өтті Б. Атамқұлов.  

Қазақстанның ғарыш жобаларын іске асыру барысы, елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің әлеуеті туралы дипломаттарға ҚР ҚАӨМ вице-министрі Марат Нұрғожин, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Вадим Шақшақбаев, ҚӨК кәсіпорындар басшылары әңгімелеп берді. 

Брифингте KazSat отандық байланыс және хабар тарату, KazEOSat Жерді қашықтықтан зондтау спутниктік жүйелердің жұмысы, Астанада салынып жатқан ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің өнімдері мен қызметтері таныстырылды. 

Іс-шара шеңберінде брифингке қатысушылар пікірлерімен алмасты, онда ҚР ҚАӨМ және оның қарамағындағы кәсіпорындар басшылары дипломатиялық корпус өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді. 

Шетел мемлекеттерінің өкілдері  ҚӨК қазақстандық өнімі мен қазақстандық ғарыш кәсіпорындары қызметтерінің экспортын дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібіне инвестициялар тарту саласында белсенді әрекеттесуге ниет білдірді.

20170525213327.jpg

20170525213324 (1).jpg




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ