Главная Новости

Новости

18.05.2017
Қазақстандық спутниктер су тасқыны кезеңінде 220 млн. кв. км астам аумақтың суретін түсіріп алды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстан өңіріндегі су тасқыны мониторингі үшін Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) деректері аса маңызды ақпарат көзі болып табылады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Еліміздің аумағындағы қазіргі су тасқыны жағдайы күрделі болды және күрделі болып қала береді, себебі елдің барлық аумағындағы және өзен бассейіндеріндегі қар запастары нормадан 1,5-2 есе рет жоғары, деп хабарлайды өңірдегі ТЖ қызметтері. 

Су тасқынының ғарыштық мониторингі ірі өзендер арналарының маңында орналасқан, су басу қауіпі жоғары өңірлерде жүргізіледі, деп хабарлады «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыштық технологиялар вице-президенті Айдын Айымбетов.  

Мәселен, бүгінгі таңда, жасасқан шарттар шеңберінде Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ТЖ департаменттерімен су тасқыны жағдайына ғарыштық мониторинг жүргізілді. Қар жамылғысының тусуі мен су тасқыны жағдайын бағалау үшін ЖҚЗ деректері ғарыштық мониторинг тапсырыс берушілеріне күн сайын, тәулігіне екі рет беріледі. 2017 жылғы 1 наурыздан бастап су тасқыны кезеңінде мемлекеттік органдар мен ТЖ қызметтері үшін берілген ғарыштық түсірілімдер көлемінің барлығы 220 млн-нан астам шаршы км. құрады. 

Казахстанские спутники отсняли в паводковый период свыше 220 млн. кв. км территории

Табиғи өзгерістермен байланысты міндеттерді тиімді және жедел шешу үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының мамандары ЖҚЗ деректеріне қол жеткізу және геоақпараттық технологиялар негізінде ағымдағы жағдайды талдау үшін геопортал әзірледі. Нақты уақыт режиміндегі ҚР ЖҚЗ ҒЖ ғарыштық мониторинг нәтижелері ҚР облыстары ТЖ департаменттерінің геопорталында бейнеленеді, деп атап өтті А. Айымбетов.  

Облыстар аумақтары бойынша, облыстық ТЖ департаменттеріне берілетін жедел карталарды жасау үшін пайдаланған картографиялық және атрибутивтік деректері бар геоақпараттық жүйе (ГАЖ) құрылды. Қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері су тасқыны жағдайы кезеңінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары,  Астаны қаласы аумағының ғарыштық түсірілімін жасады және Сырдария, Іле, Шу трансшекаралық өзендер бассейінінің ғарыштық түсірілімдері жедел режимде берілді, Көксарай контррегуляторының, Алтай таулары мұздықтарының, Шарбақ және Шардара, Вячеславский су қоймаларының ғарыштық мониторингі жасалды.  

Казахстанские спутники отсняли в паводковый период свыше 220 млн. кв. км территории

Ақтөбе облысы ТЖД алдын алу бөлімінде хабарлағандай, Ақтөбе облысында су тасқыны ғарыштық мониторингі жөніндегі шарт шеңберінде су тасқыны жағдайының ғарыштық мониторингі үшін геопорттың талдамалы сервисі құрылды. KazEOSat-2 ҒА түсіру жүргізілді, онда Ілек, Қарғалы, Сазды өзендерінің су тасу мен жайылу аймағы көрсетілген. 

KazEOSat-2 жерсерігі көмегімен Қарқаралы ауданындағы Қарасор өзенінің ғарыштық мониторингі т/ж учаскесінің су басқан аймағын анықтауға және су басқан аумақтың ауданын белгілеуге мүмкіндік берді. Қарқаралы ауданындағы Жарлы аулын су басу кезінде KazEOSat-2 ҒА жасалған ғарыштық түсірілімдер Жарлы өзенінің су қуйылуын және су келу бағытын анықтады деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖ алдын алу бөлімінде. 

Су тасқыны кезеңінде ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі республикалық және жергілікті қызметтерімен, атап айтқанда ІІМ ТЖ комитетімен, Су ресурстары комитетімен және АШМ «Қазгеодезия» РМК, «Қазгидромет» РМК тығыз байланыста жұмыс істеді.  

Ғарыштан жедел және өзекті фотоға түсіру мемлекеттік органдар мен ТЖ қызметтеріне барлық өңірлер аумағындағы су қорларына мониторинг жүргізуге және мүмкіндігінше шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік берді, деп атап өтті Айдын Айымбетов.  

Кеңістікті айыру қабілеті 1 метр KazEOSat-1 және кеңістікті айыру қабілеті орта 6,5 метр KazEOSat-2 екі жерсерік кіретін ЖҚЗ қазақстандық ғарыш жүйесі 2015 жылы штаттық пайдалануға қабылданды, жерсеріктерді жерүсті басқару және ғарыштық түсірілімдерді өңдеу кешені жұмысын  бір жыл бұрын бастады. Қазіргі уақытта ЖҚЗ екі ғарыш аппараты Жер бетінің тәуліктік мониторингін жасай отырып, штатты режимде жұмыс істейді.  

Бір тәулік ішінде KazEOSat-1 220 мың кв. км-ге дейін, ал KazEOSat-2 1 млн. кв. км-ге дейін ғарыштық түсірілім жүргізе алады. 

Сонымен қатар, алғашқы штаттық пайдалану жылы ҚР ЖҚЗ ҒЖ Қазақстандағы маусымдық су тасқыны мен өзендер жайылуына табысты мониторинг пен болжау жүргізді. 2015 жылы KazEOSat-1 ЖҚЗ жерсерігінің көмегімен Ақмола облысындағы ірі су тасқыны аймақтарының масшабы: Нұра өзені мен іргелес кенттер: Нұра ауданы, Киевка, Шет ауданы, Көктенкөл кенті, Қарқаралы ауданындағы Көктас, Теңгізшілік кенттері бағаланды.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ