Главная Новости

Новости

13.06.2017
ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылыс барысын ғарыштан суретке түсіріп алды

KazEOSat-1 қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараты және Airbus Defense and Space компаниясының «Плеяды» француздық ғарыш аппараты  2015-2017 жылдар кезеңінде Астана қ. «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме нысандарының құрылысы жүргізілген аумақты түсіруді жүзеге асырды.
 
Осы кезең ішінде көрсетілген жердің 21 ғарыштық түсіруі («Плеяды» ҒА-дан – 14 сурет, «KazEOSat-1» ҒА-дан – 7 сурет)  жүргізілді.
 
Қазақстандық және француздық мамандар суреттерден алынған деректердің шифрын ашты және Астана қ. «ЭКСПО-2017» құрылысының динамикасы көрсетілген бейнеролик жасады. 

KazEOSat-1 (Kazakhstan Earth Observation Satellite – қазақстандық Жерді бақылау спутнигі) – бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі. Куру ғарыш айлағынан (Француздық Гвиана) 2014 жылы 30 сәуірде ұшырылды.
 
Спутник 1 метрге дейін (панхроматикалық режимде) және 4 метрге дейін (мультиспектрлі режимде) айыру қабілетімен түсіруді жүзеге асыра алады.   

 


«Қазақстан Ғарыш Сапары»
ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ