Главная Новости

Новости

19.06.2017
Швецияның делегациясы Ұлттық ғарыш орталығына барып қайтты

Швеция Корольдігінің Парламент Спикері Урбан Алинның (Urban Ahlin) Қазақстанға ресми сапары аясында Швеция делагаациясы Астана қаласындағы Ұлттық ғакрыш орталығын барып қайтты. 

Делегация құрамына Парламент мүшелері, сонымен қатар, Швеция ғарыш корпорациясының Президенті Стефан Гардефьорд (Stefan Gardefjord) пен Швед ғарыш кеңесінің Бас директоры Олле Норберг (Olle Norberg) кірді. 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов делегация өкілдеріне Министрліктің жұмыс бағыттарымен таныстырды, оның ішінде отандық ғарыш қызметінің дамуы туралы. Делегацияға «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің және «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ), дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (ЖСНЖ) жұмысы көрсетілді. 

Кездесу барысында Швед тарапы ҚР ҚАӨМ-не ЖҚЗ жүйесі және ЖСНЖ бойынша ынтымақтастықты ұсынды, атап айтқанда, Қазақстандық ЖҚЗ жерүсту станциясы мәліметтерін қабылдау Шведтік «PrioraNet» станция жүйесіне кіруі.
 

 «PrioraNet» арнайы жан-жақты байланыспен қамтамасыз ету және ЖҚЗ спутниктерін жерүсті қолдау үшін құрылған әлемдегі жерүсті желісінің ірілерінің  бірі болып табылады.
«PrioraNet» базалық станциялардан тұратын, Швед ғарыш кеңесіне және бүкіл әлем бойынша серіктес станцияларына тиесілі. Барлық жерүсті станциялар жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Сеть наземных станций «PrioraNet» жерүсті станцияларының желісі бүкіл ғаламшар бойынша тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, шетелдік серіктестер Арктикада орналасқан спутниктермен басқарылатын жерүсті ғарыш станцияларын ЖҚЗ суреттерін Шведциядағы «КazEOSat-1» және «КazEOSat-2» ғарыш аппаратымен қабылдауды, өңдеуді және таратуды ұсынды. 

Швед ғарыш ұйымдарының басшылары Астана қаласындағы Құрастыру-сынау кешеніндегі ғарыш аппараттарын келешекте тапсырыстарды орналастыруға дайын екенін білдіріп, және «Эсрейндж» («Esrange») Швед ғарыш айлағынан төмен орбитаға Қазақстандық ғарыш аппаратын ұшыру мүмкіндіктерін талқылады.
Ал өз кезегінде Урбан Алин Қазақстандық тараптың қабылдауына алғысын білдіріп, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері ғарыш саласының дамуын жоғары бағалады.


IMG_9832.JPG
IMG_9837.JPG
IMG_9859.JPG

		

Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ