Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

21.06.2017
Нидерланд корольдігінің делегациясы Ұлттық ғарыш орталығына барып қайтты

2017 жылдың 21 маусымында Хенк Камп (Henk Kamp) Экономикалық байланыс министрі бастаған Нидерланд ресми делегациясы Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығының жұмысымен танысты. 

Делагация құрамына Қазақстандағы Нидерланд Елшісі Дирк Ян Коп (Dirk Jan Kop), Нидерланд ұлттық ғарыш кеңсесінің төрағасы Гер Ньюпурт (Ger Nieuwpoort), NEVASCO компаниялар  тобының төрағасы Хан Венсинк (Han Wensink), S(&)T компаниясының төрағасы Артур ван дер Меер (Arthur van der Meer) кірді. 

Айта кету керек, бұл ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал келешегін талқылау үшін Нидерланд делегациясының Қазақстанға бірінші келуі. 

ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің Төрағасы Еркін Шаймағамбетов делегация өкілдерін Қазақстанның ғарыш қызметінің дамуымен таныстырды. 

Делегацияға «KazSat» ғарыш жүйесінің байланысы мен «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау, Жоғары дәлдікті спутниктік навигация жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар Құрастыру-сынау кешенінің құрылысы барсымен танысты, онда массасы 100 кг. 6 тоннаға дейінгі салмақтағы әр түрлі мақсаттағы спутниктерді өндіру жоспарлануда, сонымен қатар, спутниктін жинақтаушылары өндірілуде. Сондай-ақ, делегация өкілдеріосы жылы пайдалануға беруге жоспарланып отырған, тәжірибелі өндірісті Арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын көріп қайтты. 

Кездесу барысында Голланд тарапы Астана қаласындағы ҒА ҚСК келешекте тапсырыстарын орналастыруға дайын екенін білдірді. 

Сонымен қатар, Нидерланд ғарыш ұйымдарының басшылары Жерді қашықтықтан зондтау жоғары және орта дәлдікті қазақстандық спутниктерді қолданудағы ғарыш мониторингін жүргізу үшін «NEVASKO» компаниялар тобымен бірге қазақстанға ынтымақтастықты ұсынды. 

Айта кетейік, «NEVASKO» компаниялар тобы Қазақстанға бірқатар жобаларды іске асыруға, атап айтқанда, Алматы қаласындағы ауа сапасының ғарыш мониторингін көздейтін SmartAlmaty жобасы, жерді мақсатсыз пайдаланудағы спутниктік бағалау, жасыл желектердің ғарыштық мониторингі мен қала аумағындағы топырақтың шөгуінің мониторингін жоспарлауда.

 «НЕВАСКО» («NEVASCO») – бұл әр түрлі коммерциялық сектордағы геоақпараттық қызмет көрсететін, голланд компанияларының тобы.
«НЕВАСКО» - бұл геоақпараттық жеткізушілер мен мүдделі тұтынушылары бар геоақпараттық жеткізушілерді байланыстыратын платформа.
«НЕВАСКО» интеграцияны ілгерілетудегі, кеңейтудегі, жылжыту мен геоақпараттық қызметтерді сатудағы және стандарттауға ықпал ететін және жерді бақылау қызметтерін сертификаттайтын сауда ұйымы..

Кездесу соңында тараптар әрі қарай ынтымақтастықты жақсартуды жалғастыруға келісті.

Тәуелсіздік алғаннан бері басқа мемлекеттердің қызығушылығы мен тартымдылығын арттыра отырып, ғарыш қызметі сияқты шикізаттық емес отандық экономикалық секторда Қазақстан елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткен жөн.

Отандық ғарыш қызметінің дамуы қазақстанның шетелдік серіктестерінің үлкен қызығушылығын арттырып отыр. Мәселен, осы жылдың маусым айында ғана елдің ғарыш кәсіпорнына Люксенбург Ұлы Герцогтігі, Сауд Арабия Корольдігі, Швеция және Пәуістан делегациялары барып қайтты. Олардың бәрі ғарыш технологиясы  дамуындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа ниетін білдіріп, нақты ұсыныстармен сөз сөйледі. 

Мемлекет Басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында атап өткендей: «2030 жылға қарай біздің еліміз әлемдік ғарыш қызметі нарығында өз тауашасын кеңейтіп, бірқатар басталған жобаларды, оның ішінде Астанадағы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін, жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін, ғарыш мониторингі ұлттық жүйесі мен жерүсті инфрақұрылымын, жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесін қисынды аятауға жеткізуі тиіс». 

 
Фото Нидерланды 21 06 2017 г.jpg 


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ