Главная Новости

Новости

28.06.2017
Қазақстан мен Монако Князьдігінің өкілдері ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

II Монако Альбера князьінің Қазақстанға сапары аясында князьдық өкіл Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығын барып қайтты, онда делегация өкілдері ғарыш қызметінің дамуымен танысты. 

Делегация құрамына Президент пен «Монако халықаралық харыш жүйесі» (SSI Monaco) компаниясының Бас атқарушы директоры доктор Илхами Айгюн (Ilhami Aygun), Монаконың Экономика және қаржы бөлімінің Аға кеңесшісі Мишель Букье (Michel Bouquier) және Монаконың Экономикалық кеңес Президенті Мишель Дотта (Michel Dotta) кірді. 

Делегацияға жоғары рұқсатты «КazEOSat-1» және орта рұқсатты «КazEOSat-2» екі спутниктен тұратын Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, Жоғары рұқсатты спутниктік навигация, сонымен қатар, «KazSat-2» және «KazSat-3» қазақстандық байланыс спутнигі мен олардың жерүсті кешенін жұмысы таныстырылды.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтар Құрастыру-сынау кешенінің құрылысы барсымен танысты, онда массасы 100 кг. 6 тоннаға дейінгі салмақтағы әр түрлі мақсаттағы спутниктерді өндіру жоспарлануда, сонымен қатар, спутниктін жинақтаушылары өндірілуде. Делегация өкілдері осы жылы пайдалануға беруге жоспарланып отырған, тәжірибелі өндірісті Арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын қарап шықты. 

Кездесу барысында тараптар ғарыш саласы бойынша ынтымақтастықтын ықтимал бағыттарын талқылап, Монако өкілдері Қазақстанға бірлесіп телекоммуникациялық мақсаттағы ғарыш аппаратын жасауға ұсынды. Сондай-ақ, олар Князьдікке тиесілі «MonacoSAT» ғарыш аппаратын Қазақстандығ ғарыш байланысы операторларына транспондер сыйымдылығын ұсұнуға дайын екенін білдірді.. 

Спутник «MonacoSAT» немесе «TurkmenAlem52E» Түркіменістанмен бірлесіп Монако Князьдігімен жасалған. 2015 жылдың 21 наурызында Каневрал мүйісінен (АҚШ) «Falcon – 9» зымыран-тасығышымен оның ұшырылымы болды. «MonacoSAT» ThalesAleniaSpace француз компаниясымен салынған. Спутникті басқару Түркіменістандағы Басқару орталығынан жүзеге асырылады. «MonacoSAT» қызмет ету мерзімі 16 жылды құрайды. 

Монако Князьдігі делегациясы ғарыш саласындағы ықтимал ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін Қазақстанға алғаш рет келгенін айта кету керек. 

Сонымен қатар, Князьдік өкілдері Астана қаласындағы болашақ ҚСК ҒА ғарыш аппараттарына тапсырыс беру мүмкіндіктерін қарауға, сондай-ақ оларды сынауды кешенде өткізуге қызығушылығын білдірді. 

Кездесу соңында тараптар әрі қарай ынтымақтастықты тереңдету және дамыту жұмыстарын  жалғастыруға.

IMG_0063.JPG

IMG_0085.JPG

IMG_0126.JPG

IMG_0128.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ