Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

30.06.2017
Әсет Исекешев ғарыштық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысты

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) шақыруымен Ұлттық ғарыш орталығына Астананың әкімі Әсет Исекешев келіп кетті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

ҚАӨМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша министр Бейбіт Атамқұлов бас қаламыздың әкіміне Қазақстанның ғарыш қызметін дамыту бағытында министрліктің жұмысы туралы әңгімелеп берді. 

Исекешевке «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) мүмкіндіктері көрсетілді. 

Министр ЖҚЗ ғарыш жүйесінің деректерін қала құрылысы мен сәулет саласындағы мониторинг, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі үшін, сандық топографиялық карталар мен жоспарларды жасау, жерді заңсыз басып алуды анықтау, қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтау және экологиялық жағдайды бағалау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табысты қолдануға болатынын атап өтті. 

Ғарыштық технологиялардың қызметтерімен және өнімдерімен таныстыра отырып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев ғарыштық суреттер арқылы тұрмыстық қалдықтар полигондарының жағдайын бағалауға болатынын айтты. Сонымен қатар, ғарыштық мониторинг Астана қаласының маңындағы заңсыз және бей-берекет қоқыс тастайтын жерлерді анықтауға мүмкіндік береді. 

«Сонымен бірге, ғарыштық түсіру деректері геоақпараттық жүйе құру үшін негіз болады. Бұл қаланың инфрақұрылымын онлайн режимінде қадағалауға, астананың коммуналдық қызметтерінде рұқсаттарды келісу және беру рәсімдерін оңайлатуға,  ТКШ мен көлік жүйесін басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол. 

ЖЖНЖ орталығында астананың әкіміне «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы мамандары әзірлеген кеңістіктік-ұзына бойлы нысандар мониторингі жүйесі туралы айтылды, бұл биік ғимараттарды, құрылыстарды, көпірлер мен эстакадаларды салу және пайдалану кезінде олардың пішімінің өзгеруі мен жылжуын бақылауға мүмкіндік береді. 

Әкімдіктің өкілдерін жылжымалы нысандар мониторингі мен диспетчерлеу жүйесі қызықтырды, оның көмегімен, GPS-технологиялары арқылы қоқыс шығаруға онлайн-мониторинг жүргізуге болады. 

Ұлттық ғарыш орталығына келу барысында министр Атамқұлов Астананың әкімін бірегей нысанның – ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК) құрылысының барысымен таныстырды. ҒА ҚСК құрамдас бөлігі болып табылатын тәжірибелі өндіріспен арнайы конструкторлық-технологиялық бюроны 2017 жылы пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. 

ҰҒО бару қорытындылары бойынша Астананың әкімі ғарыштық технологияларды қала қызметтерінің жұмысы үшін кеңірек пайдалануға қызығушылық білдірді. 

Кездесудің соңында Исекешев пен Атамқұлов ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтау үшін ҚР ҚАӨМ мен әкімдіктің өкілдерінен жұмыс тобын құруға уағдаласты, деп атап өтеді ҚАӨМ баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  ЖҚЗ мен ЖЖНЖ ғарыш жүйелерінің ұлттық операторы болып табылады. ЖҚЗ ғарыш жүйесіне ЖҚЗ екі жерсерігі -  1 метр жоғары кеңістіктік айыру қабілетімен KazEOSat-1 және 6,5 метр айыру қабілетімен KazEOSat-2 кіреді. ЖЖНЖ тұтынушыларға жерсеріктік навигациялық қызметтер көрсетеді.

Асету Исекешеву показали возможности космических технологий

Асету Исекешеву показали возможности космических технологий

Асету Исекешеву показали возможности космических технологий



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ