Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

03.07.2017
Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыруы шеңберінде ҚР ҚАӨМ бірқатар бастамалар әзірледі

2017 жылы наурыз айында Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыру бағдарламасы басталды. Оның мақсаты – еліміздің ІЖӨ өсу қарқынын 2025 жылға қарай екі есе көбейту. 

Бұл міндетті іске асыру үшін ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыруы» бастамаларын енгізу орталық штабы құрылды, сондай-ақ Министрліктер штабтары құрылды, онда бағыттар бойынша Жобалау офистері белгіленді. 

Бүгінгі таңда Аэроғарыш бағыты жөніндегі жобалау офисі  саланың жалпы қосылған құнынның дамуына аса үлкен үлес қосатын бірқатар бастамалар әзірледі. 

Олардың арасында: 

• «Индустриялық өнім шығару арқылы өндірісті әртараптандыру»;
• «Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің құрылысын аяқтау және сертификатталуын қамтамасыз ету»;
• «KazSat-2R ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға енгізу», « «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» жерсеріктерін ауыстыру;
• «OptiSAR» Жерді қашықтықтан зондтау халықаралық тобына кіру. 

ҚР Үкіметі әзірлеген Жол картасы шеңберінде бұл бастамаларды арнайы комиссияның отырыстарында шұғыл тәртіппен қарау жоспарлануда. 

Мысалы, UrtheCast канадалық компанияның бірлескен бизнес-жоспарына орай, OptiSAR жобасынан күтілетін нәтижелер мен көрсеткіштер бастапқы инвестицияларды қайтару және жаңа жерсеріктер құрылысы үшін кіріс алу үшін жеткілікті экспорттық түсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты, жақын арада жерсеріктер тобын одан әрі бірлесіп пайдалану және халықаралық нарықта тауашаны алу мақсатында осы жобаны іске асыру үшін UrtheCast келісім жасасу жоспарлануда. 

А.ж. 12 маусымнан бастап бекітілген бастамаларды іске асыру кезеңі басталды. Осыған байланысты, ұсынылған бастамалар бойынша мақсатты индикаторларға жету үшін мемлекеттік органдар мен стейкхолдерлер жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ