Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

05.07.2017
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов пен Байқоңыр қ. Әкімшілігінің басшысы К. Бусыгин одан арғы ынтымақтастық жоспарын талқылады

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов жақында тағайындалған Байқоңыр қ. Әкімшілігінің басшысы К. Бусыгинмен кездесті, оның барысында әңгімелесушілер келешекте қаланы дамыту жоспарын талқылады. 

Кездесу басында ҚР ҚАӨМ басшысы бірқатар қала аумағын көркейту қажеттігі, соның ішінде әлеуметтік және тұрмыстық нысандар салу мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. 

Министр МСБ қолдау және дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттігіне назар аударды, сондай-ақ Байқоңыр қ. бірлескен өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастырумен арнайы индустриялық аймақ ашуды ұсынды.
Жауап сөзінде К. Бусыгин министрге жылы қабылдау үшін алғыс білдірді және Байқоңыр кешені бойынша одан арғы ынтымақтастық тұжырымдамасы шеңберінде, қала әкімшілігі Қазақстанның ұсыныстарын іске асыруға көмектесетінін атап өтті. 

Кездесу нәтижелері бойынша Б. Атамқұлов пен К. Бусыгин жақын арада кеңейтілген құрамда кездесуді және Байқоңыр қ даму мәселелерін талқылауды жалғастыруға уағдаласты. 

Жұмыс сапары барысында Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына барып шықты, онда «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, Жоғарыділдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жұмысымен танысты. 

К. Бусыгин болашақ Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін және 2018 ж. пайдалануға енгізу жоспарланып отырған тәжірибелі өндіріспен Арнайы конструкторлық-технологиялық бюроның болашақ ғимаратын қарап шықты.

20170705125833.jpg
IMG_0205.JPG

20170705125801.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ