Главная Новости

Новости

13.07.2017
«ҚҒС» ҰК» АҚ-да ғарыш саласының мамандары үшін біліктілікті арттыру жөнінде оқыту семинарлары өткізілуде

Бүгін Астанада, Ұлттық ғарыш орталығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен ғарыш саласының мамандарын сапа менеджменті жүйесі және ғарыштық өнім мен қызметтер нарығын талдау жөнінде қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарлары өтуде. 

Семинарлардың мақсаты – ғарыш саласының инженерлік-техникалық, ғылыми және басқа мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру арқылы ғарыш саласын кадрлармен қамтамасыз етуді дамыту. 

Бұл ретте семинарлардың негізгі міндеті ғарыш саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады. 

Оқуға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің кәсіпорындары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. 

Семинарлар барысында қазіргі заманғы оқу әдістемелері, сондай-ақ ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологиялары пайдаланылуда. 

Семинарлардың жұмыс бағдарламалары халықаралық стандарттар ескеріле отырып әзірленді және ғарыш саласы мамандарының біліктілік деңгейін жоғарылатуға бағытталды. 

Сабақтарды ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 (HACCP) және т.б. халықаралық стандарттарға сәйкес басқару жүйелері жөнінде оқыту және біліктілігін арттыру бойынша кәсіби қызметтер көрсететін «CERT  Academy Kazakhstan» халықаралық тренингтік компанияның дәріскерлері жүргізуде. 

«CERT  Academy» компаниясы менеджмент жүйелері жөнінде оқу курстарын өткізуде әлемнің 25 елінде көшбасшылық орын алатынын атап өткен жөн. Компания құрылған сәттен бастап Еуропа мен ТМД елдері өнеркәсібінің әртүрлі саласындағы кәсіпорындар қызметкерлері қатарынан 15 000 астам тыңдаушылар оқытылды.

IMG_0232.jpg

IMG_0235.jpg

IMG_0245.jpg

IMG_0250.jpg



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ