Главная Новости

Новости

24.07.2017
Италия өкілдері ҚР ғарыштық жобаларды іске асыру барысымен танысты

Италия делегациясы Қазақстан Республикасындағы Италия Елшісінің орынбасары Маттео Петринидің басшылығымен Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығына (бұдан әрі - ҰҒО) барып шықты, онда делегация өкілдерін Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің дамуымен таныстырды. 

Делегацияның құрамында Пьемонт өңірі муниципалитетінің, Италия Қорғаныс министрлігінің, Италия ғарыш агенттігінің өкілдері және «Thales Alenia Space» компаниясының мамандары болды. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (бұдан әрі – «ҚҒС» ҰК» АҚ) президенті Ерғазы Нұрғалиев шетелдік қонақтарға компания іске асырып  жатқан жобалар туралы ақпарат берді. 

Атап айтқанда, «ҚҒС» ҰК» АҚ олардың операторы болып табылатын «КazEOSat» отандық Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) табысты жұмысы көрсетілді. 

Сонымен қатар, Италия өкілдері массасы 100 кг-дан 6 тоннаға дейін әртүрлі мақсаттағы жерсеріктер өндірісін, сондай-ақ жерсеріктерге арналған құрамдауыштар жасауды жүзеге асыру жоспарланып отырған Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс алаңына барып шықты. Бұдан басқа, делегация осы жылы пайдалануға енгізуі жоспарланып отырған тәжірибелі өндірісімен Арнайы конструкторлық-технологиялық бюроның болашақ ғимаратын қарап шықты. 

Барып шығу нәтижелері бойынша италияндық мамандар іске асырылып жатқан ғарыш жобаларына жоғары баға берді және ғарыш саласында екі жақты ықтимал ынтымақтастықты жолға қоюға қызығушылық білдірді. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ және ЖЖНЖ ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып табылады. ЖҚЗ ғарыш жүйесіне айыру қабілеті 1метр «KazEOSat-1» және айыру қабілеті 6,5 метр «KazEOSat-2» жерсеріктері кіреді. ЖЖНЖ әртүрлі тұтынушыларға жерсеріктік навигациялық қызметтер көрсетеді.     

«Қазақстан Ғарыш Сапары»
ұлттық компаниясы» АҚ
баспасөз қызметі


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ