Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

26.07.2017
Челябиндік кәсіпорындар ҚР ғарыш саласының кәсіпорындарымен қызмет істеуге ниетті

Астана қ.  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеде Челябин облысының (Ресей Федерациясы) күндерін өткізу шеңберінде ресей өңірінен келген делегация губернатор Борис Дубровский бас болып Ұлттық ғарыш орталығына барып шықты. 

Делегацияның құрамына Челябин облысы үкіметінің мүшелері және бизнес-қауымдыстықтардың өкілдері кірді.   

Кездесудің басында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин делегация өкілдерін Қазақстан Республикасы ғарыш қызметі саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы хабардар етті. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (бұдан әрі - «ҚҒС» ҰК» АҚ) президенті Ерғазы Нұрғалиев шетелдік конақтарға компания іске асырып жатқан жобалар мен ҚР-да ғарыштық технологияларды енгізу туралы әңгімелеп  берді. 

Атап айтқанда, «КazEOSat» отандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің, және оларды әртүрлі тіршілік ету саласында табысты пайдалану жұмысы көрсетілді. Бұдан басқа, ол мемлекеттік органдар, ұйымдар мен бизнес тиімді пайдалану мақсатында республикада Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру жөнінде жүргізілген жұмыс туралы хабарлады. 

Массасы 100 кг-дан 6 тоннаға дейін әртүрлі мақсаттағы  жерсеріктер өндірісін жүзеге асыру, сондай-ақ жерсеріктер үшін құрамдауыштар жасау жоспарланып отырған Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) құрылысы Челябин облысы делегациясының ерекше назарын аударды. 

Делегация биыл пайдалануға енгізілуі жоспарланып отырған тәжірибелі өндірісімен Арнайы конструкторлық-технологиялық бюроның (АКТБ) болашақ ғимаратын қарап шықты. 

Кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары айқындалды. 

Челябин облысы кәсіпорындарының бірі – толық зауыдтық дайындықта таза үй-жайлар кешендерін жасаумен айналысатын Миасс медициналық жабдық зауыты (ММЖЗ) «ҚҒС» ҰК» АҚ-мен және «Ғалам» ЖШС-пен 2015 жылдан бастап табысты қызмет істейтінін атап өткен жөн. 

Анықтама үшін:
Таза үй-жайлар – бұл бақылаудағы орта, онда ластаушы заттардың мөлшері мен саны, дәлірек айтсақ ауа ортасы текше метріндегі бөлшектер саны анықтаушы рөл ойнайды. Үй-жайлардағы таза ауа денсаулық сақтау, фармацевтикалық ұйымдарға және өнеркәсіптің жоғары технологиялық: биотехнология, аспап жасау, микромеханика, наноиндустрия, сондай-ақ ғарыштық, авиация, тағам және оптикалық-талшықты салаларына қажет. 

Тозаңсыздандырылған ауа ортасын құру әртүрлі, соның ішінде ғарыштық мақсаттағы өнім өнідірісі кезіндегі технологиялық үдерістердің жоғары талаптарын сақтаумен қарастырылған. 

Челябинцы намерены сотрудничать с предприятиями космической отрасли Казахстана

Челябинцы намерены сотрудничать с предприятиями космической отрасли Казахстана

Челябинцы намерены сотрудничать с предприятиями космической отрасли Казахстана



«Қазақстан Ғарыш Сапары»
ұлттық компаниясы» АҚ
баспасөз қызметі


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ