Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

10.08.2017
Ғарыш экологтары өз зерттемесін ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынды

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология»  ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗО) Байқоңыр ғарыш айлағының зымыран-ғарыш қызметін экологиялық нормалау бойынша қолданыстағы зерттемені ғылым және техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. Құрамында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының (ФХЗТӘО) ғылыми қызметкерлері мен «Ғарыш-Экология»  ҒЗО мамандары бар авторлар тобы бірнеше жыл зерттеулермен жұмыс істеді. «Жүйенің мәні зымыран отыны төгілген жердегі ластану деңгейі мен сипаты туралы нақты деректердің үлкен көлемін, ең аз шығынмен жинауға мүмкіндік беретін тиімді талдау әдістемесін әзірлеуде және пайдалануда», - дейді авторлық ұжымның жетекшісі, ФХЗТӘО гидроэлектрметаллургтік үдерістер зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор, 2005 жылғы Ғылым, техника және білім мемлекеттік сыйлығының лауреаты Михаил Наурызбаев. Авторлардың барлық әзірлегені жаңа жеті талдау әдістемесі, олардың арқасында қоршаған орта объектілерінде гептилдің өзгеруінен 50-ден астам белгісіз өнімі табылды.

Сонымен қатар, ғалымдар мен экологтардың авторлық тобы топырақта гептилдің өзгеруінің аса қауіпті өнімдері үшін шекті ұйғарынды концентрациясының (ШҰК) 9 жаңа нормативін әзірледі. ШҰК осы нормативтері Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілді. «ШҰК жаңа нормативтерінің пайда болуы зымыран бөліктерінің штатты құлау жерлерінде топырақтың ластануын бақылауды күшейтіп қана қоймай, зымырандар апатты құлаған кезде экологиялық залалады бағалауға да мүмкіндік береді», - деп атап өтті авторлық топ мүшесі, техникалық ғылымдар докторы, «Ғарыш-Экология» ҒЗО бас директоры Жайлаубай Жұбатов. Авторлар әзірлеген зымыран отыны төгілген кезде топырақты уытсыздандыратын тиімді және экологиялық жағынан қауіпсіз технологиялар «Байқоңыр» ғарыш айлағының аумағына «Протон-М» зымыран-тасығышының апатты құлау салдарын жою кезінде 2013 жылы 9 шілдеден бастап 12 қыркүйек бойы кезеңде табысты пайдаланылды. Уытсыздандыру нәтижесінде топырақтың ластану деңгейі 2500 есеге (до 1-3,5 ПДК), ластану ауданы – 13 есеге төмендеді. Қол жеткізген нәтиже ғарыш айлағының аумағында жұмыс істейтін қызметкерлер құрамының денсаулығына зиян келтіру  тәуекелін және ластанудың таралу мүмкіндігін жоюды қамтамасыз етеді. Осылайша, «Байқоңыр» ғарыш айлағының зымыран-ғарыш қызметін экологиялық нормалау жүйесі іс жүзінде табысты енгізілді. Жақын арада болған жария тыңдалымдар қатысушыларының пікірі бойынша бұл зерттеме Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әлемдегі аса ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданбалы отандық ғылымның дамуына қосқан үлкен үлес болып табылады.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ