Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

29.09.2017
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «АзиаСат-9» серігі бар «Протон-М» зымыран тасығыш сәтті ұшырылды

Бүгін, 2017 жылдың 29 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 00:52-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ауыр класты «Протон-М» зымыран тасығышпен «АзиаСат-9» ғарыш аппараты ұшырылды.

«Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасығыштың ұшыруы «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200 алаңынан №39 ұшыру қондырғысынан жүзеге асырылды.

Ұшырым штаттық режимде өтті. Бірнеше сағаттан соң «Бриз-М» үдеткіш блогы ғарыш аппаратты есептік орбитаға шығарады.

«АзиаСат-9» телекоммуникациялық серігі «Asiasat» (Гонконг) компанияның тапсырысы бойынша «SpaceSystemsLoral» (АҚШ) фирмамен жасалынды. Ғарыштық аппарат Азия-Тынық мұхит аймағының аумағында теледидар және телекоммуникациялық саласында қызметтерді көрсету үшін арналған.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ғарыш аппараттарын ұшырудың бекітілген жоспарына сәйкес бұл ұшырым осы айдағы соңғысы еді.

Ғарыш айлағынан келесі ұшырым ү.ж. 12 қазанға жоспарланған. Бұл күні «Прогресс МС-07» транспорттық жүк кемесі бар «Союз-2» зымыран тасығыштың ұшырымы жүзеге асырылатын болады.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ