Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

14.10.2017
«Прогресс МС-07» ғарыштық жүк көлігі екінші реттен сәтті ұшырылды

Бүгін, 2017 жылы 14 қазанда Астана уақытымен 14 сағат 46 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-07» жүк көлігімен «Союз-2.1а» зымыран тасығыш (ЗТ) ойдағыдай ұшырылды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Байқоңырдан ғарыштық жүк көлігін ұшыру кезінде тікелей трансляция уақытында радиорепортаж жүргізген ғарыш айлағы қызметтерінің ақпараты бойынша іске қосу штатты режимде өтті. Зымыран тасығыштың үшінші сатысынан «Прогресс-7» бөлінуі старттан кейін 529 минутта өтті. 

Жүк көлігі орбитаға шығарылды. Екі тәуліктен кейін ХҒС-пен түйісу жоспарланды. Бұрын хабарланғандай, «Союз-2.1а» іске қосуы зымыран тасығышта автоматиканың істен шығуынан кейінге қалдырылды. «Прогресс МС-07» ғарыштық жүк көлігі ХҒС-ке отын, су және басқарылатын режимдегі стансаны пайдалану үшін қажетті басқа жүктерді жеткізуі тиіс. 

Қазір ғарыш стансасында үш американдық астронавт – ХҒС командирі Рэндольф Брезник, 2-бортинженер Марк Ванде Хай, 3-бортинженер Джозеф Акаба, екі ресейлік ғарышкер 1-бортинженер Александр Мисуркин, 4-бортинженер Сегей Рязанский және еуропалық астронавт, 5-бортинженер, итальян Паоло Несполи ғарыштық кезекшілікте.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ