Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

20.10.2017
Қазақстанның астанасында Юрий Гагариннің мүсіні ашылды

Бүгін Астанада Ұлттық ғарыш орталығында Жердің алғашқы ғарышкері Юрий Алексеевич Гагариннің мүсінінің салтанатты ашылуы өтті.   

Іс-шараға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері,  Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев, Қазақстандағы РФ Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының және ҚР ҚАӨМ АҒК басқа бағынысты кәсіпорындарының басшылығы, компанияның шетелдік әріптестері мен Қазақстан Республикасындағы  «Диалог культур – Единый мир» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры өкілдігінің басшысы Ирина Ильященко қатысты. 

Салтанатты рәсімді ашқан «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті  Ерғазы Нұрғалиев барлық қонақтарды құттықтады және  мүсінді қоюға бастамашылық еткен «Диалог культур – Единый мир» қоғамдық қорына алғыс білдірді.   

«Осы жылдың шілде айында «Диалог культур – Единый мир» қорының өкілдері Астана қаласында ғарышкер Юрий Гагариннің мүсінін ашу туралы өтінішпен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне барды. 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлының тапсырмасы бойынша бұл өтініш қаралды және қысқа мерзімде орындалды. 2017 жылы қыркүйекте Қор мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ арасында Ю.А. Гагариннің мүсіндік композициясын өтеусіз беру туралы келісімге  қол қойылды және ескерткішті Ұлттық ғарыш орталығында орнату туралы шешім қабылданды.  Біз ресейлік достарымызға шын жүректен алғысымызды айтамыз!»,- деді Е. Нұрғалиев. 

Бұл салтанатты іс-шара Астанада «Ғарышқа қазақстандық жол: ақиқаты мен келешегі 2017» халықаралық форумын өткізу күндерінде және Жердің алғашқы жасанды спутнигі ұшырылуының 60 жылдығында өткенін, ал өткен жылы ғарышқа бірінші адамның ұшқанына 55 жыл толғаны атап өтілгенін айта кеткен жөн. 

Ұлттық ғарыш орталығында орнатылған ескерткіш «Диалог культур – Единый мир» қоғамдық қайырымдылық қорының Жердің бірінші ғарышкеріне арналған, әлемнің халықтарына сыйлаған 41-мүсіні болды. 

Рәсімнің соңында іс-шараға қатысушылар Ю.А. Гагариннің мүсініне гүл  қойды.

DSC_1038.JPG

DSC_0977.JPG

DSC_0970.JPG

DSC_1046.JPG

 

 «Қазақстан Ғарыш Сапары»
ұлттық компаниясы» АҚ
баспасөз қызметі


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ